Өлеңдер ✍️

  01.08.2022
  90


Автор: Айсырға Қилыбаева

Дүние толып, кейде ортаяды...

Дүние толып, кейде ортаяды,
Ақ шуақ кем-кетікті толтырады.
Сонау бір көктемде еккен талшыбығым
Желбіреп жапырағы қайта оралды.
Еседі теңіз жақтан таң самалы,
Бозторғай таңда оянып ән салады.
Шығыстан күн келеді құрақ ұшып,
Дала-ару құшақ жайып қарсы алады.
Күтсе де түнде күнді ай бұралып,
Мұңайып, жете алмай қалғаны анық.
Өмір мықты – ғаламат махаббатпен,
Жер ғұмырлы – күнімен мәңгі жарық.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу