Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.07.2022
144
КӨККӨЛ
Таудың жақпар жонында,
Құлар бұлақ арқырап.
Рицаның жолында,
Көккөл жатыр жарқырап.
Суын ішер Көккөлдің,
Егде: "Жас боп кетсем" деп.
Мен Көккөлге көп келдім,
Жиырма беспен өтсем деп.
Аңыз калай туды екен,
Аңыз - көңіл дауасы.
Жасартатын су ма екен?
Әлде таудың ауасы?
Өмірі ме Абхаздың,
Шалқытатын сезімді?
Көркі ме екен Кавказдың,
Қыздай сүйген өзіңді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇