Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  78


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

ЖІГІТ НАЗЫ

Төгілткенмен қаншама сөз, жырымды,
Көңіл қойып, салмадың көз қырыңды.
Қорықпашы өзеуреп қалмайды деп,
Ұнатпаушы ем құр көңіл тоздыруды.
Адам ба едім саған жар бола алмастай?
Көңіліңе сөздерім қона алмастай?
Ынтық жүрек - саулы інген, сөзің - қамшы,
Тартып-тартып жібердің оралмастай.
Аурудың аласұрып ақпанында,
Шалдығып шаршаған бір шақтарымда,
Құшағын жүрегіңнің айқара ашып,
Хат жаздың, аға, алыстан ақтарыла.
Көңіліңнің тілектестік самалы есіп,
Жүргендей болдым ауыл бақтарында,
Жөңкіліп ойдың бұлты төгіп нөсер,
Жанымның жалт ойнады жақпарында.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу