Өлеңдер ✍️

  26.07.2022
  316


Автор: Сәттіғұл Жанғабылұлы

ПУШКИНГЕ

Сұм заманда өтіпсің,
Өлеңге өрен жетіксің,
Жәуһарын жырдың жаудырып
Телегей-теңіз етіпсің,
Өмірден опа таба алмай
Қиянат көріп кетіпсің,
Лағнат айтып түндерге
Қол создың алғы күңдерге,
Бірақ та нұрлы күндерге
Асыл ер, жете алмадың,
Құшағын жайып біздерге
Табысты асыл арманың,
Жырыңды әлем жаттады –
Сөзіңнін жұттық қаймағын.
Үстіртте – малшы үйінде
Нұр төгіп жанға жайнадың,
Жырларыңмен жауладың
Әлемнің барлық аймағын.
1937 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу