Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.07.2022
172
Рас сен деп кей шақта өкінерім...
Рас сен деп кей шақта өкінерім,
Рас және қайтадан бекінерім.
Мен ізіңнен мұңайып қала бердім,
Келін болып басқа үйге кетіп едің.
Рас,сені кей шақта қызғанамын,
Көрген жерде қайырылып жүз қарадым.
Мен анамнан не үшін кеш тудым деп,
Көрсең еді жанымның сыздағанын...
Үйі-күйі олардың аман бүгін,
Ал менің ше?!.
Емдейді жарамды кім?!.
Сөйлескенде етемін қипаң-сипаң,
Әлдекімге бардай-ақ жамандығым...
Сөздің құны,ойымның сәті қашып,
Қалтыраймын қоярдай атып,асып.
Өмір құрығыр сүйрейді-ау өтірікке,
Айтпау үшін дертіңнің атын ашып!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇