Өлеңдер ✍️

  21.07.2022
  733


Автор: Баян Тіленшина

Әпкем Баянға

Бір өзің әлем, аспансың,
Жазылып бітпес дастансың,
Қиясы емес, өлеңнің
Шыңынан, әпке, асқансың!
Асылдың титтей сынығы,
Өлеңнің үлкен ұғымы,
Жаныңа ләззат беретін,
Маржандай сөздің тұнығы.
Қаймағы сөздің өлең дер,
Жазушы, ақын, кемеңгер!
Менің әпкемнің мұрасы,
Өледі екен демеңдер!
Поэзия, проза қалмаған,
Әлемін әннің шарлаған,
50 жаста әпкеміз,
Сайрамның гимнін толғаған!
Бүршігін жарса ерке үміт,
Шабытқа жүрме өртеніп!
Халқыңа алғыс айтпақсың,
Өзіңді жүрген ерке ғып.
Ақынды деуші ед ежелден,
Жердегі тәңір елшісі,
Жасай бер,әпке, жасай бер,
Ғашық біткеннің емшісі!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу