Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  112


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Сақтанамын дұшпаннан..

Сақтанамын дұшпаннан,
Сырттан қанжар салар деп,
Сақтанамын «достардан»,
Аяғымнан шалар деп.
Болғаннан соң күн басқа,
Аша берме сыр досқа.
Атам айтқан сөз есте:
«Қастық қылма жолдасқа!»
Сақтанамын көздерден,
Көзі тиіп кетер деп,
Сақтанамын сөздерден,
Тілі тиіп кетер деп.
Қонғаннан соң жыр басқа,
Тұра алмайсың құр босқа.
Әжем айтқан сөз есте:
«Тіфә, тіфә, тіл тасқа!»




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу