Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  101


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Күнді көрсе күлімдеп күндей күлсін...

Күнді көрсе күлімдеп күндей күлсін,
Түнді көрсе демалсын, көзін ілсін,
Теріс ісін содан соң жалғастырса,
Көзі көрген пенделер өзі білсін.
Күнді түнге кей кезде алмастырса,
Сынағаны адамның төзімін шын,
Мақсат-мұрат жалғанда іздемесе,
Көрінгенге тіленген көзі құрысын,
«Құдай қырын қарайды бізге» – десе,
Әзәзілдің ант атқан сөзі құрысын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу