Өлеңдер ✍️

  14.07.2022
  197


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Өнеге емес

Өнеге емес олақтардың киім-кешек пішкені,
Өнеге емес салақтардың жиналмаған үстелі,
Өнеге емес шалағайдың бітпей қалған істері,
Өнеге емес қомағайдың жегені мен ішкені,
Өнеге емес бозбаланың ыржалақтап күлгені,
Өнеге емес қызбаланың ашық-шашық жүргені.
Өнеге емес жағымпаздың жапалақтай жалбақтап,
Өнеге емес алдампаздың жалған өмір сүргені.
Өнеге емес жақсы жерге жамандардың кіргені,
Өнеге емес ит жоқ жерде шошқалардың үргені,
Өнеге емес тұлпар қалып, мәстек алса жүлдені,
Өнеге емес надандардың көргені мен білгені,
Өнеге емес аққулардан тырна асыл болғаны,
Өнеге емес бұлбұлдардан қарға басым болғаны,
Өнеге емес шеңгел қаптап, қурап жатса гүл бағы,
Өнеге емес алаяқтың баю болса арманы.
Алар үлгі қалмаған соң, болмаған соң өнеге,
Жақсылықты көре алмаса, бере алмаса дәңене,
Дұрыс болар аулақ жүрген осылардың бәрінен,
Жолап кетсең, тап боларсың айырылмас пәлеге.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу