Өлеңдер ✍️

  13.07.2022
  138


Автор: Амангелді Бұғабаев

КЕЛ ҚИЯЛЫМ, ОЙНАҚ САЛШЫ...

Кел қиялым, ойнақ салшы, ойнақ сал.
Қырық бізге шідер салып қоймақшы, ә
Онсыз да көп бармақ тістеп, қап деген
Ойсыз күңдер, опық жеген, әттеген.
Ботақаным дір-дір еткен тірсегі,
Менен басқа әлпештейді кім сені,
Маң-маң басып жүруіңе көп керек
Мейір ыстық, ауа, жылу, от керек
Еркелеуге сен ұмсынып, мен демеп.
Жүрейікші ақ тентегім елгезек.
Жүрміз міне, тіршілікте қонақта,
Мамырында азынап қар боратқан.
Серік етті деппе-ең сені мен текке,
Кейіпкері болып басты ертектің.
Жүру үшін не жасаймыз дәл қазір,
Мен айтайын, самға қиял, самға жыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу