Өлеңдер ✍️

  11.07.2022
  59


Автор: Ғафу Қайырбеков

Дүние дүрмегінен

Дүние дүрмегінен
Адасып қалған шақта,
Өтетін жүрегіңнен
Бір жол бар – аман сақта.
Жалғыздық өкпегінен
Жанды алып қалатын сол,
Əмəнда төте жүрген
Абайға баратын жол.
Өлеңге баратын жол
Кезікпей құса-мұңға.
Кіргендей болатын жол
Əкенің құшағына.
Сонда сен ұғасың бір
Құшақтап бұл екеуін,
Өлеңнің кім екенін,
Əкеңнің кім екенін.
Ұғасың кісілікті –
Өмірдің күшін мықты.
Есіңе сақтағайсың
Ақыным бұл шындықты..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу