Өлеңдер ✍️

  29.06.2022
  74


Автор: Марфуға Айтқожина

КӨЗ ЖҰМҒАНША...

Қашан-дағы табыласың қасымнан,
Сырың, шының жоқ қой менен жасырған.
Жылы сөйлеп жүрмесем де жаныңда,
Iштей үнсiз сипап келем басыңнан.
Жапырағын сыбдырлатқан орманның,
Толып жатыр, бiздерге ортақ арман-мұң...
Ақындық пен адамдықтың белгiсi ол,
Арман-мұңмен артымызда қалған күн.
Өкпек жел де өткен күн көп өтiмнен,
Өкiнбеймiн, дəнеңеге өкiнбен!..
Байлығым да, атақ-абырой, бəрi сол,
Көз жұмғанша өлең отын өшiрмен!
Көз жұмғанша өлең отын өшiрмен,
Кеңдiгiмнен көп нəрсенi кешiргем.
Тəкаппар да, қарапайым күй кешiп,
Туған жұртым, шықпай келем есiңнен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу