Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  99


Автор: Марфуға Айтқожина

ТОТ БАСЫП БАРА ЖАТЫР ТЕМІРГЕ ҰҚСАП

Əркімге жая бермес өмір құшақ,
Ой орала береді көңілге ұсақ,
Асыл едім,
Амал не,
Қалтарыста,
Тот басып бара жатыр темірге ұқсап.
Шарасыз,
Таусылғандай бар амалым,
Өзіңнен өскен орта,
Дараландым.
Даралығым айыпты бəріне де,
Содан болар,
Мертіктім,
Жараландым.
Далада өсу үшін жаралды гүл,
Табиғат,
Сол гүлдерден нəр алды қыр.
Сұлулыққа көлеңке түсірмеуге
Күн кезінен ерекше таралды нұр.
Сол күннің шуағындай мейір ғана,
Дертінен айықтырар балаңды бұл...
Көркі үшін даласының жаралды гүл!
Тілеймін нəзік гүлім,
Саған ғұмыр!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу