Өлеңдер ✍️

  27.06.2022
  81


Автор: Марфуға Айтқожина

АЛТАЙЫМ, АЛАСАРМА!

Адамға адам, –
Қашан да жақын бəрі,
Татулықта тірліктің –
Жатыр мəні.
Төрт құрлықты өлеңмен тұтастырып,
Тұр ма деймін,
Əлемнің ақындары!
Оятқанмен ақын – ел ой-санасын,
Бітірер ме,
Бəсеке,
Тай-таласын?!
Алапаты атомның қарғыс атқыр,
Семейімді қайтадан шайқамасын!
Жатыр бүгін сілкініп Алтайым да,
Жұбатуға жүректі тартайын ба.
Сан ғасырлар мызғымай тұрған тауым,
Бір күнде қасіреттен қартаюда...
Қай жағыма,
Қай тұсқа қарасам да,
Тəкаппарлық,
Биіктік жарасар да.
Келер болса қолыңнан,
Ей, адамдар,
Биіктікке оқ атпа,
Жара салма!...
Пана болған тұтас ел,
Қара шалға,
Биік таудың жүзіне жара салма.
Қанға сіңген қашанғы қасиетің,
Аласарма,
Алтайым!
Аласарма!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу