Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.06.2022
173
Жерлеме мені, жерлеме...
Жерлеме мені, жерлеме,
Сезімге маспын жалындап тұрған.
Тартылмай қалған пернеде,
Күй едім, қалқам, дамылдап тұрған.
Мұң-құрсау мүлде шандыған,
Дамылдаттырған,
Табаны – мығым.
Өзімдей жынды жанды ұғам,
Мойынын бұрмас Адамы, күнім.
Дуана деме сандалған,
Қаны жоқ боп-боз, қашалған – өңім.
Жалғанда мынау таңқалғам,
Екен ғой әділ қашан да – өлім.
Іздегей мені шағылдан,
Суырып құмды дамылдамаспын.
Шықпаса үнім жаныңнан,
Тілі жоқ мылқау сағымға қаштым.
Жалынға ұластым...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇