Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
13.06.2022
147
Сенісер дос қайда бар...
Сенісер дос қайда бар,
Сергелдеңде ойға алар?
Айтылған сөз — атқан оқ,
Басың оққа байланар.
Құбылма дос кімде жоқ,
Тұтататын тілмен от?
Құю үшін көзіңе
Қос уыс-ақ құм керек.
Қайғы кімде, той кімде?
Өкіндің не, қойдың не?
Жалғыз атым — сенімім,
Жығылған соң сойдым де...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇