Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  184


Автор: Ақылбек Шаяхмет

БАҒДАРШАМНЫҢ ҮШ ТҮСІ

Жолға шықсам,
Сарсаң болған жандаймын,
«Қалыс қалам!»
Деді Сары: «оңбаймын».
Дегені ғой:
«Тағдырыңа бол дайын!»
«Қарсы болам!»
Деді Қызыл:
«Нанбаймын!»
Қарсы болса,
Өзім де əрі бармаймын.
Өтіп барам...
Жасыл айтты:
«Қолдаймын!»
Жасылдың да ғұмыры, бірақ мəңгі емес,
Айтындаршы,
Қалай менің хал-жайым?!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу