Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
04.06.2022
175
Табиғаттан мінез көрдім мен түрлі...
Табиғаттан мінез көрдім мен түрлі,
Қостанайда бүгін тағы жел тұрды.
Жел көтерген шаң-топырақ көзге ұрып,
Əй, ызамды келтірді.
Желіккен жел ақ бурадай құтырып,
«Ашуымнан көр, – дегендей, – құтылып!»
Көрінбейтін алып біреу қала ішін
Жатқан сынды сыпырып.
Бірақ, бірақ...
Қатты желден шошымай,
Көңіліме бір ой келді, досым-ай!
Аңқау елде арамзалар аз емес,
Еһ!
Соларды сыпырса ғой осылай...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇