Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  126


Автор: Ақылбек Шаяхмет

ЖАУАП

Кім дейсің жанымдағы жолдастарым,
Тебіскен құлын-тайдай құрдастарым,
Жыры бір, əні де бір сырластарым,
Олармен бір байтақ жер, нұрлы аспаным.
Сұрайсың кім еді деп достарымды,
Біледі олар өмірлік жоспарымды.
Қол соғып көрген сəтте ұшқанымды,
Аяққа жыққан солар дұшпанымды.
Кім дейсің қасымдағы серіктерім,
Көбінің көрген жоқпын желіккенін.
Тасыған көрдім, бірақ қайрат – күшін,
Еріксіз көк тасты да еріткенін.
Сұрасаң кім еді деп өзгелерін,
Адамы бар, іске жоқ, сөзге керім.
Қиқары бар жасайтын өз дегенін,
Мергені бар құлатқан көздегенін.
Жерлестер, əріптестер, көршілерім,
Сендерді қалай теріс көрсін елім.
Сондықтан, қайда жүрсем, өздеріңнен
Келеді тек игілік еншілегім.
Білсем де күн артынан күн өтерін,
Жаныма жақсылықты түнетемін.
Ал енді бұл өлеңді жазған жанның
Оқырман білген шығар кім екенін.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу