Өлеңдер ✍️

  04.06.2022
  176


Автор: Ақылбек Шаяхмет

АҚ ҚОЯН

Басталарда жұмсақ жылы қоянның,
Шырт ұйқымнан түнде шошып ояндым.
Қоян жылғы əппақ ұлпа қыс қандай?!
Ақ көжекті бауырына қысқандай.
Сол ақ қарды қара табан ластайды-ау,
Аққа да жұрт күйе жағып тастайды-ау.
Кесіп алған шыршаны əлі өспеген,
Ұры қолдан əлі күнге сескенем.
Доспын деп кеп босағасын осы үйдің,
Дүлей дұшпан аттай ма деп шошимын.
Ұятсызды көрсем, бетті басамын,
Арсыздардан қоянға ұқсап қашамын.
Қоян, Қоян! Жүнің сенің үлпілдек,
Өсекшілер сөйлей берсін күңкілдеп.
Əппақ қарға тап-таза боп аунайсың,
Үйде жұмсақ, түзде жүйрік болғайсың!
Қоян жылы келген соң ба жалғанға,
Қоянға да ұқсайды екен арман да.
Əппақ қағаз, əппақ арман, ақ қоян,
Жырыма да ақ қоян деп ат қоям!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу