Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  254


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Таңертең

Оятып кiрпiгiмен таң
Даланы,
Паң дала бойын түзеп,
Жанданады.
Арбалып алтын Күннiң дидарына,
Таңғы шық мөлдiреп бiр таңданады.
Табиғат таңданады,
Жанданады,
Бəрi де тiршiлiкке қамданады.
Үмiтi ешқашан да үзiлмейтiн –
Адамдар…
Сенiмдерге шам жағады!
Бiреулер арман қумақ,
Самғап ары,
Бiреудiң қу құлқын боп аңдағаны.
Тəңiрдiң шапағатты шуағынан –
Өмiрге тағы бiр күн жалғанады…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу