Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  195


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Акула

Акула – теңіз қасқыры,
Айлалы,
Күшті,
Қандыауыз.
Біреуге – өрлік тасқыны,
Біреуге, бəлкім –
Жалмауыз.
Сұлу-ақ сабаз,
Мүсінді,
Бұлшық ет түгел бұлқынған.
Сездіріп жойқын күшін бір,
Кімге де қарсы ұмтылған.
Табиғат заңы –
Тіршілік,
Біреудің біреу – жемтігі.
Атылып шығар,
Бұлқынып,
Жетіп те келер,
Ентігіп!
Сезеді дейді акула,
Өліктің исін*,
Қан исін.
Ет жеуде ғана «бəтуа»,
Қасқырды қайдан танысын?!


Кім білген…
Көкей тескендей,
Ет жесе – тірлік үшін де?!
Бақыт-ау жүру сескенбей,
Мың алуан хайуан ішінде!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу