Өлеңдер ✍️

  01.06.2022
  139


Автор: Қадыр Әлімқұлов

Ұлан дала...

Ұлан дала,
Құлан дала – көсiлген,
Көкiректе самал болып есiлген.
Қу тiршiлiк қайғы уын тамызса –
Қыран дала көңiлiмдi өсiрген.
Сайын дала сағым – қанат сермеген,
Биiк ұшсаң, аялайтын жер де кең.
Мұңды күндер ұнжырғамды түсiрсе –
Қайың-дала сезiмiмдi тербеген.
Айдын дала,
Айбындана көктi емген,
Бозторғай боп шырылдайсың бөктерде.
Жусан болып бусанасың көктемде,
Қайғымды ала кетесiң бе тепсеңге?
… Шетсiз дала,
Шексiз дала самғайды,
Үркектеген үмiт отын жалғайды.
Дархандықтың өлшемiндей өңiрiм,
Дұшпан ғана сенi сүйе алмайды!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу