Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
30.05.2022
554
Өзгеге, көңілім, тоярсың!
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Қой жеуді қайтіп қоярсың?!
Өкіл келсе ауданнан,
Таяу жатқан отардан
Біреуін әкеп соясың.
Құдаң келсе алыстан,
Бір қойдың басын қағасың,
«Дауасыз дерт жабысқан», –
Деп сылтауын табасың,
Жалған акт жазасың.
Өзің түсер орыңды
Белуардан қазасың.
Өзгеге, көңілім, тоярсың,
Қой жеуді қайтіп қоярсың?!
Совхозда қой азайды,
Тартам ба бір күн сазайды,
Қуарып қалғыр, қу құлқын,
Сен мені түбі жоярсың,
Өзгеге, көңілім, тоярсың!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter