Өлеңдер ✍️

  30.05.2022
  103


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Жабығу

Сиқысыз күндер етуде,
Біріне-бірі тізіліп.
Санаулы жылдар кетуде,
Өстік деп жүрміз, қызығып.
Барады сырғып өмірім,
Сағатпен, аймен, жылдармен.
Құлазып кейде көңілім,
Мұңымды айтсам тыңдар ма ең?
Қиялмен жүрмін ұмтылып,
Бақыттың кілті аспанда.
Жүрекке кейде мұң тұнып,
Ауырлық артар жас жанға.
Сезімтал болдым жасымнан,
Өзгенің мұңын мұңдаған.
Табылса теңім қасымнан,
Сырымды ұғып тыңдаған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу