Өлеңдер ✍️

  29.05.2022
  76


Автор: Асылбек Жаңбырбай

Түйсік тірілту

Мың құбылған көктемгі таң атады,
Бозторғайын шырлатып дала тағы.
Маңдайымды шығысқа қараталы,
Күннің нұры – Анамның алақаны.
Сүюде ғой бар мәні тіршіліктің,
Ажалдың да хақ сырын тылсым ұқтым.
Қарамастан жазмыштың жазуына,
Тағдырыма құр-бекер қырсығыппын.
Өмір – қызық, тегінде, ғұмыр – бақыт,
Түсінбейміз біз оны шымырлатып.
Жол қисық па, жүрісің түзу болсын,
Қарау керек кей-кейде қыңырға тік.
Жылуы бар жүрекке махаббат тән,
Көрсем деймін ақ таңды шапақ атқан.
Жан дүнием шық болып мөлдірер-ау
Тілімдегі Кәлима-ШаҺадаттан.
Түніменен ұйқымды құр бұзбадым,
Жырға қостым аспанның жұлдыздарын.
“Саған ғана, аяулым, ғашықпын!” деп,
Алғыс айтып отырмын бір қызға мың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу