Өлеңдер ✍️

  15.05.2022
  118


Автор: Аманхан Əлімұлы

Ақын қабір басында

Алған ажал аспастан сертің түкке,
Келіп жүрер бір жанға бертін, тіпте, –
Жер жібермей тұрғанмен тəнін бір сəт,
Жүрген жаны аспанда еркіндікте.
Алып тұрар ақынын жиі есіне,
Сағыныштың сол адам иесі ме?
– Сені сүйдім – дейді ол, тіршіліктің,
Қарамастан жұқпалы күйесіне.
Өте-тұғын бұл өмір ойнап бір күн,
Жете алмаған тереңдей бойлап, құрбым, –
Қозы қарын қабірдің басында мен,
Қай қайдағы жайларды ойлап тұрдым.
Кеткен ақыл бойына неше сіңбей,
Қателігін е, Алла кешесің бе, ей?!
Уіл қағып күзгі жел, бізбен бірге,
Жоқтап тұрды марқұмды шешесіндей.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу