Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  96


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Ендігі ойлар

Айна алдында қарап қырау самайға,
Тебіреніп батам терең сан ойға.
Өзімнен көп кейін туған інілер,
Ойлы ағалар қатарына санай ма.
Бағалайды үлкендер бар, кіші бар,
Сыйғанымен көңілдегі сарайға.
Інілердің «аға» деген сөзі ыстық,
Күндестердің осығанда көзі сұқ.
Боларымыз талайға аға болсақта,
Көрінеді қайсы ісіміз көзге ыстық.
Бітіре алсақ есте қалар елеулі іс,
Кəртейуде бір ғанибет тез өстіп.
Қайрат қайтса қалып даңғыл құр кеуде,
Амалың не шал тобына кірмеуге.
Жаңбыр болып жауам көңіл көгінен,
Қысқа ғұмыр келгенінше күрмеуге.
Талпынбаса талап құсың тау жаққа,
Үлкенсініп шыға алады кім өрге.
Мынау қоңыр күндерінде көзімнің,
Келед піскен жемісің боп үзілгім.
Талайыңа аға болған басыма,
Ылайықты болса, шіркін із-үлгім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу