Өлеңдер ✍️

  07.05.2022
  247


Автор: Орынғазы Мәнбазарұлы

Бір ініге

Жоқтарды айтып ойдағы, қиялдағы,
Болмақсың ба осы елдің биі алдағы.
Қайнауы əлі қанбаған дүмбілезім,
Жаныңдағы білмейсің құяңды əлі.
Түсінеді бетінің ары қалың,
Қандай жерде жанының арығанын.
Түсінеді тұрмысқа жанасуды,
Тыңдап мұнда өмірдің əн ырғағын.
Жандар үшін сырыңды аз ұғатын,
Санайсың-ау кеудеңді нағыз алтын.
Шындық деген бір тез бар шырқыратып,
Екі көзден сораңды ағызатын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу