Өлеңдер ✍️

  01.05.2022
  357


Автор: Мұхаммед Салих

Әйел

Әйел шықты ауласына үйінің,


күнге қарап тұрды біраз күйініп:


содан кейін үнсіз ғана жіпке асты,


жаңа жуған күйеуінің киімін.


 


Шықты аулаға әйел сұлу мүсінді,


жуғандарын күнге жайып ұсынды –


кенжесінің кіп-кішкентай жейдесі


күн астында желбіреді ту сынды.


 


Әйел шықты сондай сұлу жүрісі.


Уай, құдай-ай, өртеу ме екен күн ісі?!


Қолында бір көйлек қалды әйелдің,


аспады оны, өз көйлегі мұнысы...


1975 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу