16.04.2022
  91


Автор: Қалижан Бекхожин

СЕНБІ. ҮНДІ ХАНШАСЫ

 Сипатын жеті арудың жаны сүйіп,
Ләззатқа берілді шаһ жанып-күйіп.
Сенбіде мускус қара күмбез жаққа,
Шаһ келді үндістандық перизатқа.
Рахатпен кешке дейін құрып сауық,
Берілді мәз думанға, ләззат тауып.
Шұғласын ақ жібектен күнгі шақтың,
Жапқанда қара мускус қабахат түн.
Кашмирдің ертегісін тіледі шаһ,
Аңқыған хош иісті самал құсап.
Леп берген түнгі шықтан, түнгі бақтан,
Аңызды таңғажайып сырға батқан.
Гүл сөзбен айтшы – деді – тамсандырып,
Маужырап балқиын бір ынтам құрып.
Ағытып мускус қалта түйген басын,
Ақмарал бастап кетті хикаясын.
Шаһтың ән-күйлі сазын көк тыңдасын,
Төрт бүрлі айдан асып толқындасын.
 Падишам күн сөнгенше жасай берсін,
Барша шаһ басын исін, соңына ерсін!
Болмасын думан ғана шаһтың бағы
Әлемнің асылдарын алсын тағы!
Перизат, Кашмир гүлі – бастан кетті,
Аузынан бәлзәм шырын аңыз төкті.
Ұялып мөлдір көзін төмен тікті,
Әңгіме әлемде жоқ мұндай тіпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу