Өлеңдер ✍️

  19.03.2022
  166


Автор: Абдрахман Асылбек

Қасқыр мен түлкі

Зат болса егер керексіз,
Мырзамыз-ау ерек біз.
Бұл мысалды, демек, біз
Жеткізбекпіз шындықтың бір шетіне.
* * *
Тойып алып Түлкі тауық етіне,
Артылғанын шөп астына бастырып,
Жата кетті шөмелеге бас тығып.
Сүйретілген бір аш Қасқыр көрінді:
«Оу, құдаша, жағдай қиын, – деді оған, –
Сүйек те жоқ қимылдатар ерінді.
Аштық мені қамаған,
Малшы сақ, ит қабаған,
Күтемін тек өлімді».
«Апырай, ә, сенен нені аянам?
Қалауыңша жей бер мына маядан,
Әрқашан да көмегімді беремін».
Ал, құдаға ет еді ғой керегі,
Ол жайында Түлкі еш нәрсе демеді.
Сұр серіні қасқайтты,
Жылы сөзді жақсы айтты,
Қасқыр болса аш қайтты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу