Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
16.03.2022
194
* * *
Бастаудың көзі тұнық-ты,
тұнығың қайда, жас ақын?
Өмір – майданда кім ұтты,
көктемде сулар тасатын?!
Алдына келсе, тістеген
асаудай едің бұлаң бір;
бұғалық әлі түспеген,
білетінің жалғыз – құлан-қыр.
Құлан-қыр со бір
сағымдай ағып өшті ме?!
Пенделер – тобыр,
базарың бастан көшті ме?!
Былғады кімдер тұнықты?
Қалды ма күндер тасатын?
Тіршілік – бәйге...
Кім ұтты?
Мұңайдың неге жас ақын?
қараша, 1972 жыл.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter