02.03.2022
  794


Автор: Баламер Сахариев

БАҒАЛЫ ЕҢБЕК

Ы. Алтынсарин шығармаларының үш томдығы


 


Қазақ сахарасында орыс мəдениетінің ықпалымен қалыптасқан прогресшіл идеяның жаршылары Шоқан Уəлиханов, Ыбырай Алтын- сарин, Абай Құнанбаев үшеуінің өткен ғасырдағы мəдениетіміздің тарихында алатын орны ерекше.


Абай шығармаларының түгел дерлік жиналып «Толық жинақ» деген атпен үш-төрт мəрте басылып шығуы, əр басылымы сай- ын текстологиялық түзетулер енгізіліп, ғылыми тұрғыдан жақсара түсуі, сол сияқты Шоқан Уəлиханов шығармаларының көлемді- көлемді бес том болып бас құрап, оқырман қауымның қолына тиюі – өткен ғасырдағы ұлы ағартушыларымыздың мұраларымен қалың көпшілікті таныстыруда жасалған аса игілікті, қуанарлық та құптарлық іс болды. Ыбырай Алтынсарин мұрасын жинап бастыру жөнінде осы уақытқа дейін айтарлықтай жұмыс болмай келгені кім- кімге де белгілі.


Сондықтан да болар, оның «Таңдамалы шығармалар» жинағы 1955 жылы қазақ тілінде, 1957 жылы орыс тілінде жеке бір кітап болып жарыққа шыққанда, жұрт құшақ жайып қарсы алған еді. Бұл бір томдыққа кезінде баспасөз бетінде пікір айтып, лебіз білдірген оқырмандардың кейбіреуі өздерінің риза көңілдерінен шыққан алғыс сезімдерімен қоса, ендігі жерде педагог-жазушы мұрасының толық жинағын шығаруды жедел қолға алу қажет деген талаптар да қойған болатын. Осындай жұртшылық пікірлерін ескере отырып, Қазақ ССР Ғылым академиясының тарих, археология жəне этнография институты ұлы ағартушының мұрасын неғұрлым кеңінен қамтып, жалпы көлемі үш том етіп жарыққа шығару қамына кірісті де 1975 жылы оның 1 томын, ал 1976 жылы ІІ томын бастырып шығарды. Үстіміздегі жылы, осы таяуда ғана, ІІІ томы жарыққа шығып, со- нымен үлкен де маңызды жұмыс тəмамдалды. Шығарушылар алқасының (ред.коллегияның) айтуына қарағанда, бұл басылым Алтынсарин творчествосың түгелге жуық, ал негізгі еңбектерін түгел қамтитын көрінеді.


Ы. Алтынсарин шығармалары жинағының І томына жазушының


көзі тірісінде жарияланған көркем шығармалары (өлеңдері, əнгімелері, мысалдары), өз кезінде жинастырған ауыз əдебиетінің əралуан үлгілері, «Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты педагогикалық еңбегі, сондай-ақ педагог-жазушының


 


творчестволық өмірбаянына қатысты материалдар енгізілген. ІІ то- мына халық ағарту, тарих жане этнография саласындағы еңбектері топтастырылған. Бұлардың көпшілігі еліміздің əралуан архив қазыналарынан табылып, тыңнан жарияланып отыр. Ал III том, ағартушының əркімдермен жазысқан хаттарын, жазбаларын, сон- дай-ақ ғылыми-педагогикалық қызметіне қатысты материалдарды, іс қағаздарын қамтиды.


Назар аударатын бір нəрсе – бұл үш томның үшеуі де ақын Н. Титовтың, М. Кəлменовтің, А. Брагиннің аудармалары арқылы орыс тілінде жарияланған.


Ыбырай Алтынсарин шығармаларының Ұлы Октябрь револю- циясына шейін басылғандары көбінесе архивтерде ғана сақталды да, жеке зерттеушілер үшін болмаса, жалпы оқушы жұртшылыққа таныс бола қоймады. Ал революциядан кейін Ыбырай шығармалары қазақ тілінде 1934, 1943, 1948 жылдары басылып шықты. Бірақ бұл жинақтарының көлемі 2-3 баспа табақтан аспайтын еді. Өйткені, ол жинақтарда ұлы ағартушының санаулы ғана əңгімелері мен өлеңдері енгізілген болатын, ал ғылыми еңбектері мен хаттары, публицисти- касы, педагогикалық мақалалары мен кітаптары жұрт қолына түсе бермейтін. Сонымен бірге 1943, 1948 жылдары басылып шыққан жинағында текстологиялық бұрмалаушылықтар, редакциялық өзгерістер, түпнұсқадан ауытқу дегендер де жиі кездесетін.


Ұлы ағартушының сөз болып отырған үш томдық шығармалар жинағының бір құндылығы – кітапқа енгізілген еңбектердің көпшілігі алғашқы басылған күнінде айтылған, ал бұрын баспасөз бетінде жарияланбаған қолжазба күйінде сақталған еңбектері мүмкіндігінше сол түпнұсқа күйінде берілген. Шығармалар жина- ғына Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» жəне «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты ғылыми-педагогикалық еңбектерінің 1879 жылы Орынбор қаласында басылып шыққан, ағартушының өзі корректурасын оқыған нұсқасынан алынып кір- гізілуі де орынды деп білеміз.


Ұлы ағартушы еңбектерінің түпнұсқасын тəртіпке келтіріп, текстологиялық тексеру жасап, нақтылау, дəлдік енгізу жөнінде жинақты баспаға əзірлеген тарих, археология жəне этнография инс- титуты, əсіресе, жеке текстер мен кейбір қиын ұғымдарға түсінік беріп, ғылыми алғысөз жазған Қазақ ССР Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымының докторы Бек Сүлейменов көп еңбек сіңіргендігін атап көрсеткен абзал.


 


Осыған байланысты айта кететін бір мəселе – жалпы осы уақытқа дейін кейбір құрастырушылар мен зерттеушілер тарихи мұраларға редакциялық өзгерістер енгізіп, азды-көпті қиянат жасайтын жағдайлары да кездесетін. Олар өткен заманда өмір сүрген жеке ақындардың өлеңдерінде ұшырасатын ескі ұғымдар мен кейбір діни сөздерді, немесе атауларды бүгінгі күннің талабына қарай икемдеп жіберуге бейім тұратын. Осы секілді хал Ыбырай Алтынсариннің бұрынғы кейбір жинақтарында да болған еді. Ұлы ағартушының прогресшіл идеясын да, дүниеге көзқарастарындағы қайшылықта- рын да дұрыс танып-білу үшін оның шығармаларының текстің бұрмаламай, қалпын сақтап беру мейлінше дұрыс болған.


Жинаққа енгізілген шығармаларында, əсіресе, жұрт назарын ауда- ратындары – ағартушы-жазушының өлеңдері мен көркем əңгіме, но- веллалары.


Жұртқа мəлім, Ыбырий Алтынсарин ұлы ағартушы-демократ қана емес, сонымен бірге қазақ даласында орыс ғылымының ұрығын тікелей себуші көрнекті педагог, əрі жазушы болды. Ол өзінің бүкіл əдеби еңбектерін де, қоғамдық-саяси қызметін де бір ғана осы мақсатқа, яғни қазақ балаларын оқытудың практикалық ісіне арнады жəне сол жолда талмай еңбек етті. «Мен, – деп жазды ол 1884 жылы сентябрьде Н. И. Ильминскийге жолдаған хатында, – күшімнің жеткенінші туған еліме пайдалы адам болайын деген негізгі ойым- нан, талабымнан ешуақытта да қайтпаймын». Міне, сондықтан да Торғай облысының қазақтары «Оренбургский листоктің» 1884 жылдың 26 мартындағы санында жарияланған мақаласында Россия үшін Ломоносовтың еңбегі қандай маңызды болса, Ыбырай еңбегі қазақтар үшін дəл сондай маңызды екенін айта келіп, «Ол біз үшін тек Ломоносов қана емес, сондай-ақ қырғыз (қазақ – Б. С.) ағарту ісінің бірінші əулиедей уағызшысы» деп бағалады.


Ыбырай өзінің қазақ балаларын орысша оқытуына кедергі болған


нəрселердің бəріне қарсы аяусыз күрес ашты, мектепте оқып шыққан жастар халыққа мəдениет пен ғылымды таратушылар болады деп сенді. Сондықтан да ол: «Мектеп – қазақтарға білім берудің басты құралы... біздің барлық үмітіміз, қазақ халқының келешегі осы, тек осы мектептерде... ғылыммен қаруланған əрнəрсеге дұрыс көзқарасы бар... оқушылар қазақ арасында көбейіп, бүкіл халыққа əсер ете ала- ды, сонда... фанатизмнің де күлі көкке ұшады», – деп жазды.


Ыбырай Алтынсарин өзінің бірсыпыра өлеңдері мен əңгімелерінде ел ішіндегі азған əкімдерді, үстем тап өкілдерін, дін иелерін, бай-


 


лар мен билерді, саналы өмірінің көбін пайдасыз іске жұмсап, зая қылатын əрекетсіз, еңбексіз жастарды қатаң сынады. Оның көркем əңгімелері мен өлеңдерінің көпшілігі үгіт-насихат, дидактикалық сарынды болып келетіндігі жұртқа мəлім. Дидактикалық өлеңде- рінде ол ескі қазақ аулында əдетке айналған ұрлық-зорлық сияқты зиянды əрекеттен аулақ болуға, əділетті, шыншыл болуға, мақтаншақтық сияқты жағымсыз мінезден сақтануға, көрсеқызар- лықтан, ашықауыздықтан, т.б. жаман мінездерден бойын таза ұстауға үгіттейді, үндейді.


Ыбырайдың өз өлең-əңгімелерін дидактикалық сарында жазуы заңды. Ұлы ағартушының дидактикалық өсиетінде сақтандырып отырған теріс мінездер мен зиянды əрекеттердің бəрі де сол кезде ел арасында кең өрістеген жағдайлар болатын. Көрнекті педагог өзі оқытқан шəкірттерінің осындай теріс мінездерден аулақ бо- луын көздеді. Оның 1864 жылы мартта Н. И. Ильминскийге «Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға (балаларға – Б. С.) адам- гершілік жағынан əсер етуге де бар күшімді салып отырмын» деп жазуы осыны дəлелдейді.


Ыбырай өзінің көптеген əңгімелері мен өлеңдерінде жұртқа өнер-білімнің, ғылымның, мəдениеттің пайдалылығын түсіндіріп, ескі салт пен надандықты, діни кертартпалықты əшкерелеп отыр- ды, сурет өнерін, медицинаны насихаттап, халықты отырықшылық тұрмысқа мегзеді, егін, қолөнер кəсібімен шұғылдануға шақырды.


Қысы-жазы мал соңына еріп көшіп-қонып жүрген халықтың мəдениетке жетуі қиын екендігін дұрыс түсінген ағартушы халыққа отырықшылық тұрмыстың артықшылығын атап көрсетіп «Қыпшақ Сейтқұл», «Киіз үй мен ағаш үй» əңгімелерін жазды.


Алтынсариннің сөз болып отырған үш томдық шығармалар жинағына енгізілген «Қазақ хрестоматиясы» кітабынан алынған өлеңдер мен «Қазақтар үшін орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты педагогикалық еңбегі де, аса құнды шығармалар. Алтынсарин бұл еңбектерін орыс халқының ұлы педагогі К.Д. Ушинскийдің жазған оқу құралдары негізінде орыс-қазақ мектептерінде оқитын қазақ балаларының пайдалануы үшін жазған.


Қазақ балалары үшін жасалған тұңғыш оқулық пен хрестоматияға Ыбырайдың халық ауыз əдебиеті нұсқаларын жинап енгізуі де Ушин- ский үлгісін аңғартады.


Алтынсариннің жалпы педагогикалық тəжірибесі мен дидакти- касына бүгінгі біздің заманымызда да маңызын жоймаған бағалы,


 


пайдалы істер бар. Мəселен, ол өзінің жоғарыда аталған еңбегін орыс графикасы негізінде өзі жасаған алфавитпен жазып шыққан. Алтынсариннің бұл тамаша бастамасының құндылығы оның осын- дай бағалы идеяға ерте, XIX ғасырда келгендігінде ғана емес, со- нымен бірге оның көп əріптерінің бүгінгі орыс графикасы негізін- де жасалып, өзіміз пайдаланып отырған алфавитіміздегі əріптерге үйлесетіндігінде.


Алтынсариннің басқа да бағалы тəжірибелерін атап өтуге бола- ды. Мəселен, ол орыс-қазақ мектептерінде оқитын балаларға жалпы пəндерден бөлек ағаш шеберлігі, ұсталық сияқты мамандықтарды меңгеруді, қазақ қыздарына киім пішіп, кесте тоқу, т. б. сол сияқты халық қолөнерін үйренуді міндеттеді.


Алтынсарин өзінің пелагогикалық қызметінде көп қиыншылыққа кездесті. Өзіне тарих жүктеген ұлы міндеттің ауырлығын, жауапкер- шілігін түсінген данышпан ағартушы-педлагог бұл қиындықтарға қажымады.


Сөз болып отырған жинаққа енгізілген педагогикалық шығар- малары педагог-жазушының қазақ халқына сіңірген осы баға жетпес зор еңбегінің айғағы тəрізді. Үш томдыққа енген кейбір іс қағаздары мен жазбалар, документтер де осыны аңғартады.


Шығармалар жинағына Алтынсариннің Қостанай төңірегіндегі қазақтардың қыз ұзату, құда түсу, той қылу, өлген кісіні жерлеу, ас беру, т. б. дəстүрлері жөнінде жазған очерктері мен этиографиялық зерттеулері енгізілген. Ал халық ағарту маселелері жөнінде əр кез- де жазған ескертпелері мен запискалары, ресми жазбалары мен іс қағаздары өз алдына жеке бір сала. Бұл еңбектердің де жинаққа енгізілуі өте орынды. Өйткені, қазақ халқының этнографиясын, тарихын, Октябрь революциясына дейінгі Қазақстанда халық ағарту ісінің жай-жапсарын зерттеп жүрген адамдар үшін бұл еңбектер мен хаттар баға жетпес мұра, таптырмас документ болып саналады.


Əр томның соңында Ы. Алтынсариннің жеке еңбектеріне қатыс- ты ғылыми тиянақты түсініктермен қатар адам атаулары, геогра- фиялық атаулар, мекемелер мен əкімшілік бөлімдері, рулар мен тайпалар атаулары жайында жеке-жеке көрсеткіштер жəне жазушы шығармаларының алфавиттік көрсеткіші берілуі – бұл басылымды пайдалануға көп жеңілдік беретін игілікті істер. Бұлар, сөз жоқ, үш томдықтың ғылыми жағынан құндылығын арттырады.


Сөз соңында мынадай бір жайды еске сала кетудің де артықтығы жоқ секілді. Ұлы ағартушының еңбектерін баспаға əзірлеп жария-


 


лау сияқты игілікті іске Қазақ   ССР   Ғылым   академясының М.О. Əуезов атындағы Əдебиет жəне өнер институты мен Қазақ ССР Оқу министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Педагогика ғылымдары институтының неліктен қатыспай қалулары түсініксіз. Тіпті бұл іске институт қана емес-ау, Алтынсарин творчествосың түбегейлі зерттеп жүрген жеке ғалымдарды (филология ғылымының докторы Ə. Дербісалин, т. б ) қатыстыру да іске тек қана пайдасын тигізер еді. Əманда жұмыла көтерген жүк жеңіл болары хақ.


Ұлы ағартушы мұрасының үш том болып орыс тілінде басылып шығуын барынша қуана құптай отырып, енді осы басылымға енбей қалған шығармаларын (ондайлар жоқ емес) қоса қамти отырып, ана тілімізде толық жинақ қалпында көрсек жəне бұл істі уақыт оздыр- май дереу қолға алса деген тілек те орынды деп ойлаймыз.


Дегенмен, Ыбырай Алтынсариннің жұрт қолына көп күттіріп тиген үш томдық шығармалар жинағының жарыққа шығуы – аса елеулі оқиға.


«Қазақ əдебиеті», 22.09.1978 ж.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу