28.02.2022
  573


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

кЕЛіМСЕкТЕР ҚАШАНғы кЕРДЕңДЕйДі...

 


елiмiздегi диаспоралардың шектен шыққан әрекеттерi


Біріккен Ұлттар ұйымы 1948 жылғы 10 желтоқсанда қа- былдаған Адам құқықтарының баршаға ортақ Декларациясы мөлдіретіп жазылғанымен, оның бізге қазіргі таңда сіркедей пайдасы жоқ. Шексіз жомарт табиғи орта мен шексіз қыты- мыр қоғамдық ортаның құлақкесті құнсыз құлы – қазақ бала- сы да сол екі құдіреттің ықпалында болуға мәжбүр.


Алайда, бүтіндей тұтас ұлт пен ұлыстар, мемлекеттер те- кеметін тұйықтап, өзін-өзі сақтап қалуға көшіп жатқан шақ- та, біздің жайбарақат отыруымыз түбінде опындырмай қой- майды. Қай мемлекетті алып қарасаңыз да, әуелі өз ұлты- ның мүддесін ойлайды. Мысалы, Жапонияда, Норвегияда, Германияда, Араб әмірліктерінде барлық игілік бірінші ке- зекте мемлекетті құрушы ұлтқа жасалады. Ал, біздегі бүкіл әлеуметтік-материалдық игіліктер әуелі қонақтарға, келім- сектерге, қала берді, қазақтарға жасалатын сияқты. Соны тиімді пайдаланған шетелдіктер енді жергілікті халықты ке- лемежге айналдыра бастағандай.


Әсілі, санасын қорқыныш, үрей билеген ұлт өз-өзінен қорғалақтап, бұйығылыққа ұрынады да, өрістей алмайды. Бейне бір өз қотанында тұрса да, үрейден жусамай, ұйлығып тұратын отар сияқты. Дәл осы халді бүгінде өз Отанында от- ырып, қазақ халқы да аракідік бастан кешіп жатқаны өтірік емес. Қазір біздің елімізде ит өлген жерден америкалықтар, ағылшындар, австриялықтар, іштері пысқасын, аң атуға ке- ліп, екеу-үшеуі бірігіп, алаңсыз тау-тасымызды аралап жүр. Қорқыныш, үрейден ада, тап бір қайын жұртына келгендей алшаң басады.


Ал, қазақтар басқа мемлекетте осылардай сайран сала ала ма?


Ұлы батырлардың соңғы сарқыты Бауыржан Момышұлы өз қолжазбасында былай депті: «Еш нәрседен де қорықпау- шылық, жалпы табиғатта жоқ нәрсе, еш нәрседен қорықпай- тын адам жоқ. Бірақ қорқынышты жеңуге болады. Немен? Өз еркімен қорқынышты ешкім де жеңе алмайды, тек қана мәжбүр ету жолымен ғана жеңуге болады».


 


Баукеңнің дәл осы сөздері бүгінгі қазақ жанының құбыла намысына, кардиограммасына айналып тұр!


«Көп шуылдақ не табар, билемесе бір кемел»  дейді Абай. Ендеше, осы бейдауа күйге түскен көпшіліктің бой- ынан қорқыныш пен үрейдің, бойкүйездіктің қанды іріңін мәжбүрлеп отырып сығып алатын кімдер? Олар – елдің игі жақсылары, ұлт зиялылары! Ал, осылардың бойынан ын- сап, тәуекел, иілсе де сынбайтын алмас-қажыр жойылар болса, онда ұлттың беті құбылаға қарады дей беріңіз. Ба- сы, көзіне қарамай қамшымен армансыз төпеленген ат кей- де шаужайлаған тізгіннің өзін дойыр екен деп жалт береді. Осындай зәрезап жылқыны мініп майданға шығуға бола ма?


Иә, бүгінгідей өлара кезеңде ұлт санасынан жалтақтықты, қайыған інгендей сигектеп тұратын қосүрейлікті сылып та- стау да оңай емес. Оның үстіне бойкүйездік пен салғырттық жабысса, тіпті қиын.


Жалпы, отаншылдық пен азаматтық, атамекенін қорғау жайлы сөз бола қалса, есіме Балтық жағалауы елдерінің мы- на бір ежелден келе жатқан тәжірибесі сап ете қалады. Мем- лекет тұтастығын әріден ойлаған көреген басшылар барлық тараптан жасөспірім балаларды жылына бір рет жинап алып, ел шекарасына алып келіп, қырық өрім қамшымен сабайды екен. Оның себебі – ғұмыр бойы туған жер шекарасының бір сүйемін де жау табанына таптатпауды өскелең ұрпақтың са- насына қамшымен сіңіру.


Ертеңгі күні ер жеткен соң күні кеше 12-13 жасында ел ше- карасы үшін таяқ жегенін әлгі ұлан өлсе де ұмытар ма?


Бұл ойлап қараған адамға теңдессіз тәрбие, педагогиканың нағыз көкесі!


Ал, біздің билік: «Бұрын Қазақ деген мемлекет болған емес, ендеше оның шекарасы да күмәнді», – деген аса қатерлі сөз айтып, бүкіл бір ұлттың жүрегін жара жаздап, жат таба- нына бір-ақ салып берді. Сол, сол-ақ екен, бұрын да жерімізге көз алартып, іштеріне қан қатып жүрген орыстар «Союз ка- заков Степного края и Горькой линии» деген республикалык қоғамдык ұйымын құрып алды. Қазақстан мемлекетінде от- ырып, патша кезіндегі шовинистік, қыршаңқы атауды неге


 


қоясыңдар деген ұлт жанашырларына әлгі казак ұйымының басшыларының бірі «Өткенде бәленшекең айтқан жоқ па, сендерде мемлекет те, жер де, шекара да болған жоқ», – деп жақтарын карыстырып тастапты.


Оны айтасыз, әбден құтырған олар өткен жылы Жетісуда казак әскери бөлімдерінің құрылғанына 140, тәуелсіз Қа- зақстанда орыс қауымдастығының біріккеніне 15 жылдық мерейтойларын салтанатты түрде атап өтті. Осы тойға Мәс- кеуден, Орынбордан, Оралдан, Кубаннан әскери мундир ки- ген, қылыштары салақтаған атамандар ағылды. Біраз жыл та- сада қалып, кейінгі кезде әбден көбеңсіген казактар Нұрсұл- тан Назарбаевты мәртебелі Жоғарғы Бас атаман сайлады. Әлгі жиында Қазақстан территориясында бүгінде Орынбор, Сібір, Орал, Жетісу казак әскери бөлімдері құрылып, күшіне енгендігі салтанатты түрде мәлім етілді. Онымен де қоймай, Ұзынағашта 1860 жылы қазақтарды баудай түсірген подпол- ковник Колпаковскийге зәулім ескерткіш орнатты.


Ойлап қараңызшы, мұнан асқан қорлау болар ма? Қазақтың жан-тәнін билеп бара жатқан осы бір ездіктің,


міскіндіктің қан-жынын ақтарған марқұм Асқар Сүлейменов былай дейді: «Біздің интеллигенцияның бір ерекшелігі бар – қасиеті, бір ерекшелігі бар – міні. Алдыңғысы қашпас, мен соңғысын айтайын. Ол – үрейшілдігі. Әріден, сон-о-оу жа- нын қан жеңген Кенесары-Махамбеттің асу-кезеңінен бері ке- ле жатқан, еттен өткен, сүйекке жеткен, сүйектен өтіп жілік май мен жұлынды мұздатқан үрей. Көз жұмған күндері де беймағұлым Ақаң – Байтұрсынов пен Тұрар Рысқұловтардың қарақұсынан ба, шекесінен бе, жүрегінен бе ұясын тапқан тоғыз грамм қорғасынның үрейі.


Үрейдің әуелі істейтіні не? Күлдікөмеш ойды аямай бұқ- тырып алады, жүйесіздіктің жүйесіне салады, летаргиялық ұйқыға апарады. Олай етпеген күнде де жалаңбұт патрио- тизмнің пайдасынан зияны, түзігінен қисығы басым боп оты- рады. Ду қол шапалақтау мен овацияның некесінен керең туа- ды; ал, шала мен аланың некесінен өзін қоғамның қорғаны са- найтын пысықай туады: тексіздігін тектілікке теңгерер «сегіз қырлы серілер» туады, туады да, онсыз миы ашыған халықтан мипалау жасайды».


 


Жарықтық, Асқар ағамыз айтудай-ақ айтқан емес пе!


Дәл осы көріністің мысалындай, тәуелсіздік алғанына жи- ырма жылға таяп қалса да, әлі өзін мемлекет құраушы ұлт, үй иесі ретінде жариялай алмай келе жатқанымыз үшін бүкіл әлем бізге мысқылмен қарап отыр. Ұяламыз, абайлаймыз, са- быр сақтаймыз, міне-міне, жал-жал толқындардың арасынан елдің саяси этикалық сапасы деген құбыжық шыға келетіндей қорқамыз. Осы да сөз болып па?


Сонда біз неден кібіртіктейміз, құдай-ау?!


Дүниеде отаршылдық тәуелсіздікті бастан кешірген халық аз ба? Олардың бәрі тәуелсіздік алғаннан кейін өз күшіне мі- ніп, бұрынғы қожайындарды тәубасына келтірді. Ағылшын- дар, француздар, бельгиялықтар, тағы басқа өркениетті ха- лықтар өз заманының өткенін тез түсінді, буырқанған ұлт азаттығына еш қайран қыла алмады.


Ақиқатын айтсақ, біз сұрапыл әлеуметтік-қоғамдық сіл- кіністер табалдырығында тұрмыз! Шыдамның да шегі бар! Ұлт мүддесіне қызмет ететін, оларды қорғайтын күш құры- лымдары әбден арсызданып бітті – олар кеңес жылдарын- дағыдан әрмен қарапайым халықты қорлауға үйреніп алды. Бірақ, бір ғажабы, ешкімге де шағымдана алмайсың. Айна- лып келгенде солардың үстінен олардың өзіне шағымданған боп шығасың. Мұндай нақұрыстықты кім көрген?


Парақор соттарға әбден қаны қарайған, шындық үшін әлденеше жыл сарсылған Алматы қаласының бір бейбағы жақында өзінің бас бармағын кесіп, Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа салып жіберді. Шарасыз халық мұнан өзге не істей алады?


Егер қоғам осы қалпымен кете берсе, халықтың көбі ақша көрсе әкесін сататын аярлыққа, алаяқтыққа бет түзейді, бүкіл ұлттық құндылық аяқасты етіледі.


Осының көрінісіндей, жақында ғана Отанын сатқан опа- сыздықтың, шпиондықтың айқын бір дерегі белгілі болды. Әлгі қылмыстың басты қаһармандары – ҚР Бас прокуратура- сының бұрынғы қызметкері, ұлты ұйғыр Ділмұрат Әбдіра- йымов пен Қазақстан Қарулы күштерінің бұрынғы офицері, подполковник Константин Колесников болып отыр. Олар қы-


 


тай шпионы, ұлты ұйғыр Ауханға аса құпия сақталған зы- мыран отынының (ТУСВ-5-15, Декаборан – 14) бір литрін құжаттарымен, бүкіл физикалық-химиялық құрамымен қоса 30000 долларға сатқандығы анықталды. Қытай шпионы, ұл- ты ұйғыр Аухан 1996 жылы елімізге келіп, көз алдау үшін сауда-саттықпен шұғылданған болып, жергілікті ұйғыр диас- порасының басшыларымен тығыз байланыс орнатып, Қа- зақстандағы жасырын әрекет ететін халықаралық терро- ристік ұйымдармен қоян-қолтық жұмыс істей жүріп, аса құпия мәліметтерді Қытайдың Мемлекеттік қауіпсіздік ми- нистрлігіне хабарлап отырған. 2001 жылы Қытай барлау басқармасы Ауханға жаңа тапсырма беріп, ғарыштың жә- не қорғаныс саласындағы соңғы жаңалық – зымыран оты- ны ТУСВ-5-15-тің толық құрамын қолға түсіруді міндет- теді. Бұл сұйық отынның бір ғажабы, не иісі, не түсі жоқ, жанған кезде буланып түтіндемейді, көзді ашып-жұмған- ша ұнтақ темірге айналып кететін ерекше қасиеті бар. Осы құрамы күрделі, қытайлықтардың көкейін тескен аса құпия зымыран отынын шекарадан алып өтуге 1 миллион АҚШ долларын тіккен көрінеді. Шпион Аухан бұл іске өзінің ту- ысқаны Д.Әбдірайымовты тартып, тез арада әрекетке кірі- седі. Ақыры Аухан Семейдегі «Ертіс» қонақ үйінде құпия құжаттарымен, айғақ заттарымен қолға түседі. Шығыс Қа- зақстан облыстың соты үстіміздегі  жылдың  12  шілдесі күні ҚР Бас прокуратурасының бұрынғы қызметкері Діл- мұрат Әбдірайымов пен Қарулы Күштеріміздің бұрынғы подполковнигі Константин Колесниковты мемлекет қауіпсіз- дігіне нұқсан келтірген, Отанын сатқан опасыздар ретінде 11 жылға бас бостандығынан айырды, ал ұлты ұйғыр қытай шпионы Аухан 14 жылға кесілді.


Өзіңіз қараңызшы, жер жаннаты Жетісудағы өзге ұлт- тардың бәрі де бір-бір тайды бір өзі жеке жеген бөрідей жү- ні жылтырап отыр да, біз неге өз атакүлдігімізде жүріп қан- шырдай қатудамыз?


Мұның айқын бір дәлелі – өзіміздің құлқыны кең, обыр әкім-қаралардың кесірінен бүкіл жер, материалдық байлық диаспоралардың, келімсектердің қолдарына шоғырланғанды-


 


ғында. Билік тізгінін ұстаған шенеуніктер ұнатқан жандарына кез келген аймақтан жер кесіп, құжаттап бере салады.


Біз XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының қолға алған ұлы істерінің көпшілігін тұншықтырып тындық. Қа- зір қазақтың бәрі сауатты, білімді деген өтірікке сенуді до- ғару қажет, Мектептен бастап баланы өтірік айтуға үйрететін қоғам қалыптастырғанымыз, ешкімді сыныпта қалдырмай- тын жалпақшешейлік, бай баласының алдындағы мектеп мұғалімдерінің құрақ ұшар қасиеті, комиссия деген дөкейге ақша жинап, дастарқан жаю үрдісі, яғни, өзімізді-өзіміз ал- дау арқылы жан рахатын табу қоғамның басты дертіне ай- налғанын ересек түгіл, бала да біледі.


Егер біздің, қазақтың мемлекеті бізді қорғай алмаса, аза- маттардың өздері қорғауына тура келеді. Өйткені, қазақтың мүддесін жүзеге асыра алмаған мемлекетте ешқашан ты- ныштық болмайды. Сөз жоқ, әр жердегі ашынған азамат- тардың іс-әрекеттері – шарасыздықтан туған толқудың салда- ры. Бұл мәселені мемлекеттік заңдармен-ақ реттеуге болады. Алайда, оны реттейтін биліктің сиқы әлгі ғой!


Уақыт өткен сайын қазақтардың басына жұмыссыздық қаупі төнуде. Елімізде арзан жұмыс күші ретінде пайдала- нылатын халықаралық мигранттар 1995 жылы 500 миллион АҚШ долларын елдеріне асырса, 2007 жылы бұл көрсеткіш 4,2 миллиардқа жетіп жығылыпты. 2015 жылы Қазақстанға 500 мың адамдық жұмыс күші жетіспейді деп, Үкімет қазір оны сырттан әкелуді ойлап, жалақтап отыр.


2007 жылдың қарашасында ҚР Сыртқы істер министрі Марат Тәжин Қазақстанга ресми сапармен келген БҰҰ-ның Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары А.Гутерриш- пен кездесті. Бізді балаша алдаған А.Гутерриш: «Қазақстан



  • әлемдік серіктестіктің тірегі, жаңа стратегияны белгілеуде, босқындарды қорғауды қамтамасыз ету саясатын шешуде және көші-қон мәселелерінде аса күшті ықпалға ие болды»,

  • деп, көпіртіп мақтап қойды. Нәтижесінде М.Тәжин мен А.Гутерриш ҚР Үкіметі мен БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Енді босқын атын жамылған азып-тозғандар, қарақшылар  Қазақстанға  ағылатын  бол-


 


ды. Барлық заманда да айдың, күннің аманында халықтың жұтқа ұшырауы саясатшылардың, ұлттың зиялыларының маңдайына қарғыс таңбасы болып басылып отырған. Осы орайда ұлттық рухты тірілтуге, Отанды сүюге, атамекенді жан сала қорғауға әуелі атқамінерлеріміз аттанатын кезең келді. Әйтпесе, серкелері ылғи бұғып қалып, опық жеген қалың ел арындай-арындай шаршады, жан аярлыққа көшті, қорқақтыққа, босбелбеулікке бет алды...


Сөз арасында айта кетейік, ұлттық рух, отансүйгіш қа- сиеттері жағынан Ресей әлдеқайда озық тұр. Қазір бұл ел бұ- дан он жыл бұрынғы ұнжырғасы түскен, қажыған Ресей емес, қайта түлеу үстінде. Жақында «ОРТ» телеарнасынан әскери- әуе күштері қатарына сарбаз қабылдау рәсімін көрсетті. Та- лапкерлер әуелі екі ай бойы айдалада, орман арасында ас- сусыз, үй-күйсіз сынақтан өтті. Ауыздарына ілінгенін ауқат қылды, тіпті кесірткені пісіріп жегендерін көрсетті. Осын- дай қиын сынақтан өтіп келгеннің өзінде жартысы әскери- әуе күштері сапына ілінбей қалды. Оқуға алынғандардан шіркеу епископы ант қабылдады. Осы салтанаттың соңында орыс митрополиті былай деді: «Сендердің барлығың да туған Отан, туған жер жолындағы құрбандықсыңдар. Осынау кең байтақ өлке, Ресейдің әлемдік беделі бізге миллиондаған бауырларымыздың қанының арқасында бұйырған орасан бай- лық. Сендер осы жолда қорқақтық танытып, мүлт кетсеңдер мемлекетті опат қыласыңдар...»


Діндардың сөзіне Құдайдың сөзіндей елтіген, ширыққан жастардың жүзінен өз елі үшін қандай аранға болса да ойлан- бай баратын өршіл рухты қызыға тамашаладық.


Түптің түбінде адамзат үшін нағыз байлық алтын да, мұ- най да емес, өзінің туған Отаны, жері мен суы болып қа- латынын қазірдің өзінде айқындала бастады. Жер мен су үшін қырқыс өткен ғасырларда қалай шиыршың атса, қанжоса майдандарға ұласса, бүгінде осы әрекеттер басқа мәнге ие болып, небір жымысқы, сұрқия, астыртын, айта берді қоқан- лоққы тәсілдермен жүргізілді.


Қазір БАҚ-қа үңілсеңіз болды, жер үшін көз жасы көл болған қандастарымызды көреміз.


Айталық, Еңбекшіқазақ ауданы, Маловодныйдағы қазақ


 


пен чешен арасындағы бірнеше адам мерт болған төбелестің негізгі себебі – бильярд емес, жер дауы екені кейіннен анық- талды. Жергілікті қазақтардың айтуынша, сол ауылдағы 400 гектар жер Махмахановтардың иелігінде екен. Ауылдың бей- сеубет малы олардың жеріне өтіп кетсе, не қолды болады, не өлтірілетін көрінеді.


Сөйтіп, жердің жекеменшікке өтуі – қазақ қоғамында аса қауіпті әлеуметтік дертке айналып кетті.


Тамырынан толғай тартып қарасақ, Отанды қорғау де- ген – жерді қорғау деген сөз! Жердің бәрі сатылып кеткен, алақандай алаң жоқ, сонда нені қорғаймыз?


Бір орыс тілді басылым: «Жақында Ақтау қаласындағы малайзиялық инвесторга қарасты «Централ Азия Цемент» кәсіпорнының күзетшілері миграциялық полиция қызмет- керлерін түріп айдап шығыпты!, – деп жазады. Бұған таң қалудың не жөні бар? Шетелдік мекемелердің ешкімді есі- гінен сығалатпайтыны шындық қой!


Біздің заң алдындағы кембағалдығымызды пайдаланған шетелдіктер қазір елімізде білгендерін істеуде. Әуелі мүләйім кейіппен есігімізден енетін қытай инвесторлары қазір мо- мын қазақты ерттеп мініп алды десе де болады. Әйтпесе,


«Ақтөбемұнайгаз – CNPC» біріккен кәсіпорнының қытайлық басшылары жергілікті қазақ жұмысшыларынан қытай әнұра- нын орындауды талап етуі қалай? Жұмысшыларға жұмыс уа- қытында айналадағы өзен-көлден шелек-шелек бақа тергізуі қалай? Бұлардан Атыраудағы «Батыс-Мұнай ЖШС-і де қа- лысар емес. Мекеме басшылары жұмысшылардан ағылшын, қытай тілін меңгеруді, ал Химмонтаж және «Химмонтаж- Атырау» кәсіпорындары мажар тілін, «ГазСпец Мондат» ЖШС-і неміс тілін меңгеруді талап еткен. Әншейінде қаны- мыз бір деп маймаң қағатын, «АВС-Кетринг» ЖШС-нің кір жуу қызметінің супервайзері түрік Юсуф Бахченің өз қыз- метін асыра пайдаланып, қарамағындағы қазақ ұлтының қыз- келіншектерін «түрікше сөйлетемін» деп ұрып-соққаны мә- лім болды.


1991 жылы Алматы маңында түріктер мен қазақтардың арасында жанжал шықты. Қазақстанға Тұрғыт Озал алғаш келгенде жергілікті түріктер: «Бұл жерде жағдайымыз қиын,


 


біз Түркияға барып, тұрғымыз келеді», – деп ұлардай шулап- ты. Сонда Түркия президенті қатты ренжіп: «1940 жылдары Қазақстанға қалай келгендеріңді мен жақсы білемін, қазақ халқының сендерді бауырым деп құшақ жайып қарсы алып, барымен бөліскенін де жақсы білемін. Егер осындай дар- хан халықпен сыйыса алмасаңдар, онда сендердің құндарың бес тиын!», – деп жүре берген екен. Ара ағайындыққа келген қазақ азаматтары Тұрғыт Озалдың сол сөзін айтқанда түрік- тің шалдары таяғына сүйеніп жылап жіберіпті


Кешегі Маятаста болған кәмелетке толмаған қаршадай қа- зақтың ер баласын зорлаған, азғындаған күрдке де еш ша- ра қолдана алмадық. Алғашында ашынған халық күрд атау- лы Қазақстаннан жоғалсын деген талап қойды. Әншейінде ақыл айтып көсемситін, әлгі азғандық әрекетпен шаруасы жоқ, академик Нәдір Нәдіров егер күрдтерді қудалау бастал- са, халықаралық ұйымдарға шағымданамыз деп қоқан-лоққы көрсетті. Кімнің кім екені осындайда көрініп қалады екен-ау! Кайта Нәдіровтен басқа күрдтің ақсақалдарының иманы бар екен, бастарын иіп кешірім сұрады.


Мұндай мысалдар құжынап тұрғанда Қазақстан қайтіп көктемек?


Бүгінде Алматы облысының кейбір жерлерінде «Шелек



  • шағын Ұйғырстан» деген сөз аракідік естіліп қалады. Өт- кен жылғы Шелектегі қазақ-ұйғыр қақтығысы көпшіліктің есінде болар. Параға бөккен солқылдақ судьялар ақыры сот- ты сағызша соза жүріп, екі ұйғырға 1,5 жылдан шартты түрде жаза кесіп, ырың-жырыңмен әзер бітірді


Үстіміздегі жылдың 27 маусымында Шелек маңындағы Малыбай ауылында ұйғырлардың қолынан қаза тапқан сп- ортшы жігітіміз Айдын Халықовты айтсақ та болар. Ма- лыбай түгелге жуық ұйғырлар қоныстанған ауыл. Ата Заң, Мемлекеттік рәміз, тілді белінен басып, бұл ауылдағы бүкіл жазу атаулы ұйғыр тіліне көшіріліпті. Айдынның қазасының себебі – сол жазуларды алып тастағандығы болып отыр.


Құпия дерек көздерінің мәліметіне сүйенсек, террорис- тер ұйымдардың белгілі бір өкілдері Қазақстанда әрекет ету- де. 2000 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласындағы «Ду- бок» ықшам ауданында осы террористік топтардың мүшелері


 


Эйнадин Жаладин, Ахметжан Рузиев, Пазыл Хайдаров де- ген ұйғыр қанішерлері тал түсте полицияның екі капита- нын атып тастап, қашып кетті. Арнайы дайындықтан өткен, қолдарындағы қару-жарағы бір елді мекенді толық қырып ке- туге жететін әлгі жауыздар қашып келіп, Алматыдағы Пре- зидент резиденциясының түбіндегі көп қабатты үйге тығыл- ғаны белгілі болды. Қарулы қақтығыстың арқасында олар- дың көзі түгелімен жойылды. Екі баласымен қолға түскен Эйнадин Жаладиннің әйелін, Қытай жағы қанша сұраса да Қазақстандағы ұйғыр диаспорасының басшылары оған бос- қын статусын алып беріп, қорғаштап қалды.


Енді ұйғыр сеператистерінің ашық қылмысына көшейік. 2001 жылғы 18 мамырда Алматыдағы Гоголь – Фурманов


көшелерінің қиылысында «Тұран Әлем Банк» инкассаторла- рына қарулы шабуыл жасалды. Олар тал түсте 199 мың АҚШ доллары мен 17 миллион 605 мың теңгені тонап кетті.


Сондай-ақ, қылмыскерлер инкассаторлардың ПП-90, Б- 889 пулемет-автоматтарын иеленіп, Ю.Сиваковты атып өлті- ріп, жүргізушілер Қ.Мұқанғалиев пен А.Тыцкийді ауыр жа- рақаттады. Тынымсыз іздестірудің нәтижесінде көп  ұза- май қарақшылардың белсенді мүшелері Модан Юсупбекұлы Мұхлисов, Эдуард Мансұрұлы Дәулетбақиев, т.б. ұсталды.


Олардан: 1 гранатомет, 2 автомат, 7 тапанша, 7 РГД-5 гра- натасы, көп мөлшерде оқтар, ҰҚК-тің жалған куәлігі, поли- ция киімдері, оның ішінде жол және салық полициясының формалары, радиоэфирді тыңдайтын канер, арнайы көлік нөмерлері, сырттағы әрекетті бақылайтын бейнекамералар, әртүрлі маркалы көліктер, бет перде, жасанды мұрт, сақал, маска, кісендер, париктер, байланыс құралдары, қыруар ақша тәркіленді. Сондай-ақ, террористік топтың «көсемі» М.Мұхлисовтың қоймасынан арнайы қызметтің агенттерін дайындайтын, адам өлтірудің небір тәсілдерін үйрететін, жа- бық оқу орындарында пайдаланатын аса сирек кездесетін 20 шақты оқулықтар табылды.


Бір таңданарлығы, осы қылмыстық топтың басшысы Мо- дан Жүсіпбекұлы Мұхлисов Қазақстандағы ұйғыр қоғамдық ұйымының жетекшісі, Қытай барлау қызметінің ерекше наза- рында жүрген Жүсіпбек Мұхлисовтің баласы болып шықты.


 


Қылмыскерлерден алынған айғақтық заттар мен кейбір де- ректерді сараптағанда, бұлардың пиғылдары банк тонаудан да тереңде жатқан сияқты.


Бұл жерде ұйғырлардың ең басты мақсаты – сәтті кезеңін күте отырып, көп ұлтты мемлекет саясатын жүргізіп отырған Қазақстанда жаппай қоныстанып, түбі автономия құру. Бұл мәселенің көтерілуіне – Қазақстанда жердің сатыла бастауы қолайлы себеп болса керек.


Біз бұған әлі «осылар не істей қояр дейсің?» дегендей, немқұрайды қараумен келеміз, ал, шындығында ұйғыр сепе- ратистері өте белсенді, асқан сауатты түрде жұмыс істейтін, әрі ықпал етуші, ұйымдастырушы және қаржылық агент- тер. Осы ұйымдастырушы агенттер ұлт саясатына, қазақ ті- ліне қарсы әрекет етіп, ауық-ауық шөмелеге шоң лақтырып, орыстардың т.б. ұлтшылдығын қоздырып қояды. Және басқа да аз ұлттардың сеператистік пиғылдарын қолдап, мемлекет- ке қарсы жұмыс істейді.


Осыған қарап отырып, елімізді мекендеген жүздеген нә- сілдердің бәрі бірдей Қазақстан үшін жаны ауырады деп ой- лау күлкілі емес пе?


Тәуелсіздік алған алғашқы жылдарда дүрк көтерілген ру- хани мұқтаждықтарымызға басқа ұлттар да түсіністікпен қарай бастап еді. Бәрін бүлдірген өзіміз болдық. Тіл тура- лы заң шыққанымен ол іс жүзінде орындалмады, оны әлсін- әлсін талқылап, әбден көктақым қылып, сүйретпеге салып, халықтың жігерін құм еттік. Сөйтіп, орыс тілі қайтадан өз тұғырына мықтап орнықты.


Шенеуніктердің ел үстінен жиған арам ақшасын екі рет заңдастырып бердік.


«Жер туралы заңды» да күлді-көмеш күйінде қабылдай салдық. Осы мәселе алғаш көтерілгенде М.Мағауин («Жұл- дыз» журналы, 15.07.1999 ж.) былай деп еді: «Алғашқы оқы- лымда мақұлданған «Жер туралы заң» аталмыш бабымен бірге, сол қалпында қабылданған жағдайда, өзін өлім жаза- сына кескен мұндай зорлық үкімді қазақ халқы мойында- майды, бүгін-ертең болмаса, тақаудағы бес-он жыл ішінде қара низамның күшін жойып, ұлтына опасыздық жасаған сатқындардың барлығын да тиесілі жазаға тартады. Осын-


 


шама байтақ жерге нешеме ғасырлар бойы билік жүргізген, ордалы ұлыс ретінде салтанат құрған Қазақ Тәңірге ғана табынған, адамның тәлкегіне көніп көрген емес. Қалжырасақ та, қайратымыз қайтқан жоқ...»


Иә, Мұхтар ағамыз айтса айтқандай, елімізді мекендеген бірнеше ұлттың ақсүйектері, қалталылары бірігіп, жергілікті халықты тірі өлік қалыпта ұстауға айналды. Қазақ милла- ты кедей тұруы үшін барлық жағдай жасалуда, онсыз да аз қалған ұлттық байлық қорқаулықпен талан-таражға салын- ды. Осы бір әлемнің дамушы елдерін сазға отырғызып келе жатқан зымиян әдіс Қазақстанда да үстемдік құрды.


Мұндай салдары аса қауіпті деректерді тізбелеп отырған себебіміз – кейбір солқылдақ заңдардың кесірінен жеріміз бұдан ары да жырымдалатыны айдан анық.


Мысалы, біздің заңымыз бойынша, оңтүстігіміздегі 430 мың өзбек ағайынның әрқайсысы орта есеппен 2 гектардан жер сатып алып, ЖШС түрінде немесе үкіметтік емес ұйым ретінде Әділет министрлігінде тіркелсе жетіп жатыр!


Сөйтіп, еліміздегі бүкіл өзбек бірігіп, «жерін» зандасты- ру арқылы 860 мың гектар жері бар «мәдени орталық», ал іс жүзінде мәдени автономия болып шыға келеді!


Онсыз да елімізде бағыт-бағдары күмәнді, мақсат-мұ- раттарын әлі де жете тексеруді қажет ететін үкіметтік емес ұйымдар жүзден асады. Басқасын айтпай-ақ, бір ғана ұйғыр- лардың өзінде мынадай бірнеше ұйым бар.



  1. Уйгурская республиканская ассоциация промышленни- ков, предпринимателей и сельхозработников (басшысы – Д.Кузиев).

  2. Совет уйгурских женщин при Обществе культуры уйгу- ров РК (Аюпова М.К. ).

  3. Совет уйгурских матерей (Тайпова Т.А.).

  4. Ассоциация молодежи уйгуров Казахстана (Исмаилов Б.У.).

  5. Союз уйгурской молодежи Казахстана (Турдиев А.Т.).

  6. Достлар – при Обществе культуры уйгуров РК Габ- дукаримова З.А.).

  7. Заря Востока XXI (Абубекерова З.Х).


 


Міне, Қазақстан 130 ұлттың мекені, «татулықтың ұясы» деп күмпілдеуден жалықпаймыз, шындығында іштей іріп жатқанымызды қалай жасырамыз?


Міне, тәуелсіздік алғанымызға жиырма жылға таяп, енті- гімізді басып, алды-артымызды саралап, аздап мігір табар сәтте осы бір көптің көңіліне қарап, маңайлай бермейтін


«нәзік тұсымызды» қайта адақтап шығуға қатал уақыттың өзі мәжбүр етіп отыр.


«Жұлдыз», №9, 2008 ж.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу