Өлеңдер ✍️

  27.02.2022
  153


Автор: Өтеген Нұрмағамбетов

САҒЫНЫП ЖҮРСІҢ БІЛЕМ

Сыр ұқтырып
жанарыңнан әр қалай.
Мөп-мөлдір боп отырысың,
қалқам-ай.
Терезеге
неге қарай бересің,
Біреу бар ма
сағындырып келіктін?
Қыс кетерде
қызығын ала кеткен.
Томсырайып отырсың.
Дала көктем.
Кеткен құстар
оралды мекеніне,
Сен күткен
жан не деді кетерінде?
Аймалайды
жүзіңді таң самалы,
Тірлік біткен
қосылып ән салады.
Алып-ұшып,
жүрегің таппай тағат,
Ерте тұрып жүрсің бе
жолға қарап?
 Терезеңде
түнімен шам жанады.
Құбылысқа
қара түн таңданады.
Суық төсек
жаныңа маза бермей,
Тағы таңың атты ма
көзіңді ілмей?
Қиналасың
жақындар сөздерінен.
Қиып кетсе
солардың өздерінен.
Жеме-жемге келгенде
бәрі керек,
Кешіре сал қайтесің,
едің зерек.
Түсінсең де
екенін өмір алда.
Тамшылайды
моншақтар омырауға.
Сағынып жүрсің білем,
аяулым-ай,
Қызық күнді
құлпырған баяғыдай.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу