26.02.2022
  130


Автор: Уәлихан Шот-Аман Ыдырысұлы

1-хат

Қадірлі Ыдырыс ағай!


Хатыңызды алғаныма біраз уақыт болғанмен, жауабын кешігіп қайтарып отырмын. Кешіріңіз!


Сізді менің көрмегеніме 27 жыл ғой деймін, 1921 жылы көргем, содан бері жолыққан жоқпын. Бірақ, кескін-кейпіңіз көз алдымда. Әрине, сіз одан өзгерген боларсыз. Қартайдыңыз ғой.


Сәлем алдында, сізге көңіл айтқым кеп отыр: балаңыз қайтыс болыпты, қайырын берсін. Ол бала (атын ұмыттым) 45-жылы ма, 46-жылы ма, біздің үйге келіп еді. Оты бар, келешегі зор бала сияқты еді, сізге ауыр қаза болған. Өткен соң амал нешік! Қайырын қолдағы балаңызға берсін!


Балаңыздың оқуы туралы: әрине, оқытқаныңыз жақсы. Бірақ, қайда?


Сізге кешігіп хат жазуыма да осы сұраудың жауабын іздеу себеп болды. Сіз хатыңызда «Алматы жаққа барсам, баламды оқытсам» депсіз. Мұнда келетін болсаңыз, сізге қызмет керек қой, ол мин. прос-пен байла- нысты. Ол мәселені шешу үшін Сембаев керек болды, о кісі күздей үйде тұрмай, командировкадан жуырда келді. Сөйлесіп ем, сізді сырттан біледі екен: «Қарт кісі үйренген орнынан қозғалғаны қиын ғой», — деп, бұдан орын берем демейді, ал бала туралы айтатыны: «Алматыда оқытқысы кел- се, биыл кешікті, ендігі жылы осындағы № 18 қазақ мектеп-интернатына алдырайық», — дейді. Қайсысын мақұлдайсыз, — өзіңіз шешесіз де. Шоқан туралы: халыққа адал атқарған еңбек өлмек емес қой, әсіресе біздің елде.


 


 


Халқына адал еңбек атқарған Шоқанды біздің партия мен өкімет қана көте- ріп отыр, біз — сол партия мен өкіметтің жәрдемшісіміз.


Шоқанды көбірек зерттеп жүрген адамның бірі менмін. Бірақ, ол туралы әлі үлкен еңбек жаза алған жоқпын. Жазылған біраз мақалаларымды Москва- да орыс тілінде «Нить Ариадны» атты пьесамды, Шоқанның зор образына лайықты киім демеймін. Бірақ, олармен тынып отырған мен жоқ. Ойым — үлкен романда. Оған біраз материалдарым бар да, бірақ, жеткіліксіз. Жеткізу үшін: 1) Шоқанның туып-өскен жерлерін аралауым керек; 2) Омбы архивінде біраз отыруым керек; 3) Қашқарияға барып қайтуым керек. Осы үшеуінің алғашқы екеуіне өткен жаз аттанам ба деп ем, қол тимеді. Ойым сізді де көру, кеңесу еді. Енді тіршілік болса, алдағы жазға жиналам.


Ол-пұлдарды сұрап (Шоқанға байланысты) сізді әурелегім келеді де, сұрайтындарымды хатқа сыйғыза алмаймын. Осында алдыртуды да ойлай- мын. Академияға бұл жөнінде сөйлесіп те жүрмін. Нәтижесін хабарлай жа- тармын.


Жалпы, хатпен хабарласып тұрайық, ағай! Інілік сәлеммен, Сәбит (Мұқанов)


30.Х.1948 ж. Алматы.


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу