14.02.2022
  85


Автор: Кеңесжан Шалқарұлы

Төрт амал - ҮШІНШІ АМАЛ

Аят,
Саят жəне өзім,
Ерқанат та
Бардық тамыз айында
Алма баққа.
 Айдос деген нағашым
бағбан еді.
Үш досыммен қарсы алды
барған мені.
Қатты күтті.
Кетпейді естен тегі.
Əрқайсымызға апорттан
Бестен берді.
Көп жүрсек те,
Білмедік шаршағанды,
Алдық сонда
Төртеуміз қанша алманы?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу