Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2022
175
ЕЛІМ
Елім! Сендерге немді беремін?
Жаралған нұрдан жақындарым едің.
Мөлдір өлең боп мөлдіремедім,
Тұлға тұтатын ақындарың едім.
Елім! Сендерге немді беремін?
(Дұшпан «күл» десе, дос «жыла» депті).
Мөлдір өлең боп мөлдірегенің,
Кеуде тұсымды осқылап өтті...
Елім! Сендерге немді беремін?
Келмедің тілеп бауырдан жәя...
Елім!
Сені еміп мөлдірегемін,
Ананың сүті ауыр қандай, ә?..
Елім,
Аллаһқа сен!
Аллаһ береді!..
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇