Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
11.02.2022
168
ҚАЙТАРУ
Сен үшін үздім бір тамшы,
Ауадай тұнық – ақ мөлдір.
Бетіңді Хаққа бұрсаңшы,
Басыңа нұрдан бақ келгір!
Басыңа нұрдан бақ тұнғыр!
Өзіңе-өзің тіреліп,
Қаперсіз,
Қамсыз жатсың бір,
Кәдімгі халде тірі өлік.
Жатырсың халде тірі өлік,
Ұйқыдағы аю сияқты.
Жүрегің жынға сіреліп,
Серіппей бір де тұяқты.
Келмесең құл боп уәжге егер,
Қарғыстылармен жақтассың.
Басыңды қоймай сәждеге,
Бақыттың жолын таппассың!
Басыңа нұрдан бақ жауғыр?!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇