Өлеңдер ✍️

  09.02.2022
  105


Автор: Құл-Керім Елемес

ЖАМАН

Жақсы көру көрсетпейді жаманды,
Улап, торлар у-сойқы ойлар санаңды.
Кей сұлулық ой кірінің шапаны,
Ақтан қараны айырмау да жаман-ды.
Ферғауындай ақылшы еткен Қаманды,
Әуексітіп Қамандайын жаманды.
Мұса әкелген хақиқатты танымай,
Былықтырған,
Ылықтырған заманды...
2011.8.25




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу