07.02.2022
  156


Автор: Мұхтар Шерім

“СӨЙЛЕУГЕ ЕРIНЕМIН“

 



  • Хош келдiңiз,  Мыжбан   Мәндiрбай!   Ұлы   мырза,   бiздiң   телестудия   қонағы

 


болғаныңызға қуаныштымын. Сiз кезiнде жыртық мәйкi киiп жүрген жүгермек болыпсыз. Жүгерi жеп, жүнжiп кеткен кезiңiз де болыпты. Ендi мiне, құдай бақ берiп, шалбарыңызды өзiңiзге шақ берiп, алпауыттардың бiрi болып отырсыз. Өзiңiз туралы айтыңызшы?


Мыжбан    быртиған   саусақтарын    жыбырлатып,   креслоны   сықырлатып,   тершiген маңдайын беторамалымен сүрттi де, сырғыма сұхбатқа сұқтана жауап бердi.



  • Иә, — дедi ол ыңыранып, — Иә... Iмм... Iм-м... Иә! О-о-о, иә, солай. Iм-м... Е-е-е...

Iм-м...



  • Мыжбан ағай, өмiрде таңданған кезiңiз болды ма?
  • О-о! Ох-ох! Iм... Иә. Дегенмен... Иә... Сұрағың... Иә... О-о-о!
  • Сiздi жұрт өте маңғаз, өте кiрпияз, өте кiсi, сөйлеуге ерiнетiн крутой дейдi. Неге? Мыжбанның маңдайы жиырылды.
  • Иә-ә, пах-пах-пах! К черту! Iм... Иә, иә... Қыз-ы-ық екен, iм-м... Иә-ә-ә...
  • Сiздi секстiң суперi дейдi? Ол жымиды.
  • Ах... Ох... Иә, iм... Солай деңiз, қарындас. Ой-ой-ой! И-и-и, ах!
  • Төрт жыл сайын келетiн депутаттық сайлауға түскелi отыр екенсiз. Сiздi қандай шайтан түрттi?
  • О-о! Шайтан... Қазiр айтам. Е-е, iм-м... Иә, иә, солай қарындас.
  • Әңгiмеңiз өте қызық болып барады. Егер сiз президент болып сайлансаңыз, жұмысты неден бастар едiңiз?
  • А-а? Ну что ж? Иә, иә, ух жаным! Бұл өзi... Иә... Дегенмен, iм-м... Солай деңiз... Иә, президент деймiсiң? Иә, иә... Iм... Ел басқару дегенiң... Иә... Уф... Қол тие қояр ма екен? Iм-м...

Тiлшiнiң қойған сұрақтарына сылқия тойып, ыңыранып отырған шенеунiк, байлығына басы айналған Мыжекеңе тағы бiр оқыс сұрақ қойылды.



  • Сiз таныстарыңызға қолыңыздың ұшын ғана беретiн көрiнесiз. Сiздi осы дәрежеңiзге көтерген досыңызға мойныңызды бұрып та қарамайды екенсiз. Неге? Мойныңыздың тым жуандап кеткенiнен бе?

Мыжбан ыңыранды. Сөйлеуге ерiнiп отыр. Бұған салса, бiр қулы астыңғы ернi мен үстiңгi ернiн саусағымен шымши ұстап, жоғары-төмен қозғалтып отырса, бұл сосын барып сөйлесе...



  • Iм-м... Так-так... Мойын. А-а-а... Солай. Ым... Оха... (жөтелдi). Шырт... (Оң жаққа

қарай түкiргенi). Iм-м... А-е-у! (есiнегенi). Иә, иә, саусақ... Бес штук. Ым-м... Фу-у-у... (жақтырмағаны). А?



  • Сiз оппозиционер емессiз бе?
  • А?
  • Оппозиционермiсiз?

— А-а... Е-е-е... О-о-о! Ө-ө-ө!



  • Сiз қазақ алфавитiн түгендеп, қазақ тiлiн жүгендеп, жүн жеп отырғандайсыз ғой?

Сiздi ана тiлiмiзге қарсы шыққан дейдi ме?



  • Ым-м... Не-ме-не? Сволочи! Иә, иә. Поддонок! Ым-м...
  • Сiз немене кинода ойнап отырсыз ба?

— Ым-м... Ым-м...



  • Әңгiмеңiз қандай “керемет!“. Сiз неден қорқасыз? Құдайдан? Өлiмнен?
  • Жо-о-о-о-оқ. Ох... Е-е, iм-м...
  • Сiз неге осылай ыңыранасыз? Iшегiңiз айналып кетпейдi ме?

 



  • Ым-м... Сөйлеуге ерiнемiн.
  • Онда не үшiн бiздiң студияға келiп отырсыз? Өзiңiзше ыңыранып, интервью берiп отырсыз?

— А-а... Иә, иә. Ым-м...



  • Ендеше, менiң аузым жым. Құрметтi көрермендер, сiздер сөйлеуге де ерiнетiн Мыжбан Мәндiрбайұлымен болған сұхбатты тамашаладыңыздар. Ым... Иә, иә, көрiскенше сау болыңыздар! А-а, о-о!..



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу