07.02.2022
  169


Автор: Мұхтар Шерім

ҚИЯЛМЕН ҚАРЫН ТОЙДЫРАМЫЗ!

 


Несiн жасырайын, молшылық заманда төсегiме тәртiппен қарамай, бала-шағаның санын он екiге жеткiзген екенмiн, бүгiнде бәрi ауыздарын арандай ашқанда, жан-жағымда ауыз емес, жауыз жыбырлағандай, құлағыма: “аштан өлетiн шығарсыңдар?”-деп жын-шайтан сыбырлағандай күй кешетiнiм бар. Еңсемдi есiк қыспасын деген оймен, бала-шағымды түгi жоқ дастарханға жағалай отырғыздым да:



  • Арықбай, қойдың басын әкең жейдi, тарт қолыңды! Скелетбай, тәттi торттан Тырықгүлге қалдырсаңдаршы! Шигүл, қолыңды жуып кел, “анкелбенстi” сосын жейсiң. әй, Ашгүл түйлiп қаласың, “Сникерс” шоколадын қағазымен жегенiң қалай? Өй, түк көрмеген байғұсым-ай!--дедiм. Әйелiм маған қарады, балаларым ерiндерiн жалады.
  • Иә, шаған, дашталханда таш тас жоқ қой,-деп бұртиды кiшкентайым.
  • Өй, балапаным менiң, қарның ашқан екен ғой, ә! Өкiмет берген екi мың айлық бәрiмiзге жетедi. Мә, май жағып берейiн бе? Жүрегiңе тимедй ғой? Ақырын тауық сорпасын төгесiң!-деп қоямын.
  • Саған сайтанның салқыны тиген бе?-деп сұрады әйелiм. Жанарындағы жасты көрiп, еңсемдi тiктеп алдым.
  • Жылама! Неменеге жылайсың? Одан да мына “Бренди” коньягiн iшейiк!-дедiм қолыма бос рюмкенi адып әйелiме бердiм. ол маған қарады. Мен екiншi бос рюмкенi алып, “сыңғыр” еткiздiм де, жұтқыншағымды жалған жыбырлаттым. Әйелiм әлi бедiрейiп отыр екен. Жыным келдi.
  • Әй, неге iшпейсiң? Бүгiннен бастап, “анау жетпейдi, мынау жетпейдiнi” жерлеймiз, қиямен қарын тойдырып, кәдiмгiдей терлеймiз! Давай iшiп қой, өлмейсiң!

Мәселенiң мәнiсiн түсiнген әйелiм:



  • Асқазанымда жара бар, iшпеймiн,-дедi.
  • Iшесiң, iш! Мен де адаммын ғой, адам сияқты туған күнiмдi бойлауыма болатын шығар?
  • Ойбуу, бүгiн сенiң туған күнiң екен ғой!-деп қуанды әйелiм. Мыжбаным-ау, туған күнiң құтты болсын! Саған Брежневтiң тарағын, Андроповтың арағын сыйлаймын. Өткен күндерiмiздiң белгiлерi емес пе?

Мен қурап тұрған дастарханға қолымды созып, “қара уылдырықты” қара нанға жаққан болдым, аузымды толтырып жеген болдым.



  • Көке, мен де жейiншi,-деп қалды кiшкентайым тамсанып.
  • Иә, жей ғой,-дер бiрдеңе жаққан болып, қара нанды кiшкентайыма ұсындым.
  • Иә, шаған, ештеңе жағылмған ғой! Шен не жедiң жаңа? А-а-а деш, а-а деш?
  • Туу, балам-ай, қақсай бердiң-ау, анау тұрған “Құс сүтi” кәмпитiн жеп қойшы! Кiшкентайым алданғанын бiлдi ме, өкпелеп, жылап қалды.
  • Балам, анау шұжықтан жесеңшi,- дедiм үлкенiм Арықбайға қарап. Ол да түсiнсе керек:

 



  • Әке, тойып кеттiм, қызымыз iшейiншi,-дедi. Сөйттi де, қымыз iшкен болып, кесенi басына төңкердi. Жалған болса да, жаным кiрiп қалды. Осылар iшсiншi, осылар жесiншi!
  • Жеңдер, балапандарым! Қарындарың қампиғанша жей берiңдер! Тырс етiп жарылып кетпесiн!
  • Әке, банан жегiм келедi,-дедi ортаншым Скелетбай.
  • Бананда басың қалсын!-деп баяғыда шешең айтушы едi, бүгiнде айта алмайды, балапаным! Анау тостақта тұр ғой, аршып жей ғой!
  • Скелетбай орнынан тұрып, тостақна бiрдеңе алған болды да, сол бiрдеңенiң қабығын аршыған болып, содан соң сiлекейiн шұбырта жеген болды. Шешесiнiң шыж-быжы шықты:
  • Ой, жүгермек! Қабығын жерге тастағаның қалай?

Ол сыпырғысын алып, болмаған банның қабығын сыпырған сыңай көрсеттi.



  • Кейiн сыпырасың,-дедiм мен, қуырдақтан жесеңшi!
  • Тойып кеттiм тегi.
  • Сүт iш!
  • Қойшы, iшiм өтедi. Өзiң неге жемейсiң?
  • Ненi?
  • Сингапурсикий салаттан ше?
  • Дастархан үстi жыбырлап тұр ғой, қане, қай жерге қойдың?
  • мынау тұр ғой, тәттi iрiмшiктiң қасында! Тәттi iрiмшiгiң қайда тұр?
  • Сингапурский салаттың қасында.
  • Е-е, ендi көрдiм... Шүкiр, бәрi жеткiлiктi болған соң, жегiң келмей қалады екен...
  • Әй, Скелетбай!-дедi әйелiм, қаймақоты бетiңе жаққаның қалай?
  • Бетiм жарылып кеттi, апа...
  • Өрiк, мейiз жедiң бе?
  • Жедiм.
  • Жаңғақ ше?
  • Тойдым.
  • Қауын ше?
  • Оның да көзiн жойдым...
  • Скелетбай, жалмауыз болып кеткенсiң бе? Әкең мешкейленiп барады... Түк көрмегендей ұят-ты...

Осы кезде көршi әйел Қойбикенiң кiрiп келгенi.



  • Бiр уыс шай бере тұрыңызшы,-дедi әйелiме.
  • Ет жеп кетсеңшi. Отыр!-дедi әйелiм.
  • Қуырдақтан ауыз ти,-дедiм мен.
  • Жал-жаяны жалмап қойыңыз дедi Арықбайым.
  • Бiздiң дастарханда бәрi бар, қалтаңызға қоңыз салып берейiк пе? Немерелерiңiз сорып жейдi,-дедi Скелетбайым.

Көршiмiздiң көзi ”өзбек биiне билегендей” ойнақшып кеттi.



  • Үйбай, масқара,    дастархандарыңда түк те жоқ қой,    қайдағы қуырдақ,   қайдағы қоңыз?
  • Көршi, бiз қиялмен қарын тойдырып отыр едiк,   дәм ауыз тиiңiз!-дедiм мен. Әй, Ойбике, көршiнiң қолына тәттi-тәттi, банан-манан ұстат, пәкетке еттен салып бере қой.

 


Ана қазының бiр бумасын сала сал!


Әйелiм әлгi айтқандарымды қурап тұрған дастархан үстiнен алған болып, көршiнiң етегiн көтерiп салған болып едi: “Ойбай, көтек! Көйлегiмдi көтергенi несi? Алмаймын дедiм ғой. Рахмет! Бiздiң үйдегiлер де қиялмен қарын тойдрып, күптi болып отыр!”-деп қаша жөнелдi. Бiз қылық атқан болып, бала-шағамызбен соңынан жүгiрдiк. Қызық-ей, көңiлiмiзге қарап, қиялмен қияр салатынан ауыз тисе қайтер едi-ей?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу