Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
03.02.2022
232
ДИҚАН-ДАНА
Па, шіркін, десейші бұл паң даланың,
Алтынмен апталғандай дəнді алабын.
Несі бар шетелдіктер таңдай қақса,
Мен өзім жылда көріп тамсанамын.
Сезім сергек, санасы салмақтылар,
Төте жолды табады таңдап бұлар.
Қолмен пішіп, ойменен болжап біліп,
Алды-арты мен оң-солын барлап тұрар.
Барлық істің басы мен қасында боп,
Қайрат қылды қашан да, жасыған жоқ.
Күншығысқа иілген күнбағыстай,
Екпінділер атына ғашық жан көп,
Күп-күрең, Күнге тартып кеткен масақ,
Майысып, тербелгенде тіптен ғажап,
Сап құрып сан мың ұл-қыз шикілсары
Тұрғандай небір əсем қимыл жасап.
Бір кезде күзі қуаң мидай дала,
Төсінде толы бүгін бидай-бала,
Өсірген желкілдетіп жер қойнынан,
Бұл диқан неткен күшті, нендей дана!
1983 ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇