31.01.2022
  1502


Автор: Болат Үсенбаев

Тұсау кесу

Қаз-қаз бастың, қаз бастың,
Бір, екі, үш...аз бастың.
Жетелейік жүгіртіп,
Қадамдарың жалғассын.

Тайсалмағын, тәй-тәй бас,
Аяғыңды байқай бас.
Қуанады ата-анаң,
Көңілі қалай марқаймас?!

Сүрінбей бас, нық басқын,
Қос аяғың жұптассын.
Кеткін тез-тез жүгіріп.
Алды болып тұстастың.

Қалдың, міне, есейіп,
Тұсауыңды кесейік.
Тойыңды да тойлайық
Төбемізге көтеріп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу