Аңыздар ✍️

  24.01.2022
  1936


Автор: Қазақ жерінің 100 аңызы

ЕСІЛ ӨЗЕНІ

Есілбай өзені Жезқазған облысындағы Ұлытау ауданында орналасқан. Оның атауы Есілбай деген адамның есімінен шыққан. Есіл өзені Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облысынан ағып өтеді. Есіл солтүстік облыстардан өтіп, Ертіске құяды, ол Сібірдегі Обь өзеніне құяды. Ең басында, Есіл адамның есімін иеленген. Бұл ежелгі дәстүр, Ырғызбай, Ертісбай және т.б. өзендер болған.
Есіл өзенінің дәл атауы нені білдіреді? Топонимист Ғ. Қоңқашбаев «Есіл – «ширатылған-толқынды ағыс» деп жазады. Яғни, өзен ағысы мынадай, ол арқанға ұқсайды, қозғалыстан айналады.
Ежелдегі түркі аңыздарында Күлтегін батыр туралы «Жасыл оғыз» өзенінің атауы кездеседі. Мәтіні мынадай: «Біз үлкен ағамыз Күлтегінмен Жасыл өзеніне, Шантунг жазығына, Темір қақпаға дейін (Кавказға дейін) жеттік. «Жасыл оғызды – жасыл өзен» деп түсіну керек.
Халықта Есіл өзенінің атауы «Есір» – «бұзық, қиқар, пысық» сөздерінен шыққан деген аңыз бар. Ілияс Есенберлиннің «Алтын Орда» тарихи романында мынадай эпизод бар.
«...Асан Қайғы өз тостағанынан қымызды сіміріп алып, сөйледі:
«Солтүстікте Есір өзені алты күн жол қашықтығында ағады, онда жылқылар жақсы семіреді, сансыз қой отарлары жайылады, оған баяу ағатын Нұра өзені құяды, оның жағасында мыңдаған жылқылар жайылады, өзенде су мен қуат жеткілікті, ал айналасында көз жеткісіз жазық дала, тоқшылықта өмір сүріп жатқан адамдар өзенге разы.
Орынбай Жанайдаров Қазақ жерінің жүз аңызы Бірақ ол да бізге тұрақтайтын орын бола алмайды. Ол жерге қазақтар өз Ордасын орната алмайды, онда тұратын халық бола алмайды. Өзен айналасында орман, таулар жоқ, есесіне, айналасында күншіл жаулар көп. Мен осылардың бәрін ойлай келе, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылдым. Мен бөгде ойлар шырмауынан шыға алмадым, сонда осы өзенге сен Есір емессің, сенің атауың бұдан былай «Есіл» болсын дедім. Менің өкінішім – сенің «Есіл» деген атауыңда болады».
Танымал жазушы бұл өзенге ат қою құқығын аты аңызға айналған кемеңгер әрі ежелгі заман жыршысы Асан қайғыға береді. Есіл атауы тереңге кетеді. «Ес» форманты урал-алтай тілдерінде «сана, ақылой» дегенді білдіреді. Бұл формант Есіл, Есік, Еспе өзен, Ертіс секілді көптеген өзен мен көлдерде кездеседі.
Біз қазір Есіл, Есір, Ертіс ежелгі гидронимдерінің арасында едәуір терең байланыстар бар екенін білеміз. Мүмкін, бұлар бір ғана сол сөз шығар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу