Баталар ✍️

  16.01.2022
  4359


Автор: Жібек Ысқақова

Бақытты бол, жан қызым!

Бақытты бол, жан қызым,
Жанып сенің жұлдызың!
Ұзатылып барасың,
Жол сап ауыл арасын.
Жорытқанда жол болсын!
Әр қадамың оң болсын!
Сыйластыққа бастайтын,
Ырзықтарың мол болсын!
Көңліңді тербеп шаттық күй,
Көңіл-күйің зор болсын!
Ата-енеңді қуантып,
Ыстық ұяң жандансын!
Жаратқаным жар болып,
Жақсылыққа қамдансын!
Бақыт, шаттық бар болып,
Сәттілік саған арналсын!
Қайынжұртың риза боп,
Қызым саған таңдансын!
Әр қадамың құтты боп,
Бақ-береке орнасын!
Әрбір күнің сәтті боп,
Қуаныштар орналсын!
Сындарлы күн болса да,
Қиын күндер болмасын!
Қосағыңмен қоса ағар,
Бақыт тауып жалғасын!
Әумин!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу