23.11.2021
  260


Автор: Айып Нүсіпоқасұлы

БАЛАНЫ АҚЫЛДЫҚ ТАНЫМҒА ЖЕТЕЛЕУ

Бұл – тəрбие қазақ тəлімгерлігіндегі мазмұны терең, иландырар- лық қуаты күшті тəрбиелердің бірі əрі бірегейі. Себебі, қазақ халқы баланың айтқанды қағып алатын ұғымтал да зерек кезі 7–15 жас ара-


лығы, жан-жануар, табиғат заңдылықтарын түсінетін, игеретін кезі дəл осы тұс деп қарап, соған сəйкес тəрбие мазмұнын тереңдетіп, ба- лаларды сезімдік танымнан ақылдық танымға қарай жетелейді. Мұнда заттардың, құбылыстардың мəнін түсініп, сырын ұғуға бастайтын тіл- ге жеңіл, жүрекке жылы, мазмұны терең диалогтар пайдаланылады. Мысалы:


 



  • Ең құнды не, ұлым?

  • Ол – ғаламат ғылым!

  • Тозбайтын не, күнім?

  • Ол – өнер мен білім!

  • Парыз ба, шұлық тоқу?

  • Парыз – адамға оқу!

  • Не қымбат дейді атаң?

  • Ол – туған жер, Отан!

  • Бөлейтін не сыйға?

  • Ол – əдеп пен иба!

  • Бақыт қалай келмек?

  • Оны əкелер – еңбек!

  • Жаңбыр неге себелер?

  • Онымен жер көгерер!

  • Күн болмаса, хош, енді?..

  • Бүкіл тірлік өшеді!

  • Болмаса егер жер-жаһан,

  • Мен де мүлде болмас ем! –


 


деген сияқты елдің, оқу-білім, ғылым-өнердің, еңбектің қасиетін тү- сіндіретін, күн, жер, жаңбырдың тіршілік қайнары екендігін ұғынды- ратын сөздерді жаттатып, Отан, туған жер, əдеп-иба деген сияқты қа- сиетті ұғымдарды көкейлеріне ұялатады.


 


Одан соң, балалардың ақыл-ойын жетілдіріп, тапқырлық қабілет- тері мен қолма-қол кесім жасау өрелерін жоғарылататын ауызша жұм- бақ есептер пайданылады. Мысалы, асық ойнап жатқан үш бала жолда келе жатады. Олардың біреуі жанындағы екі серігіне:



  • Үшеуімізде оннан асық бар еді. Енді əрқайсымызда қаншадан асық қалды? – деп сұрайды. Оған:

  • Мен онша көп ұттыра қойған жоқпын, – дейді екінші бала. Сонда үшінші бала:

  • Мен сол қалтамдағы асықтың біреуін оң қалтама салсам, екі қал- тамдағы асықтардың саны өзара тең болады. Ал, оң қалтамдағы асық- тың біреуін сол қалтама салсам, онда оң қалтамдағы асық сол қалтам- дағы асықтан үш есе көп болады, – дейді.


Оған алғашқы бала күліп:



  • Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыммен бірдей екен, – дейді.

  • Дұрыс айтасыңдар. Бүгін ең көп ұтылған мен болдым, – дейді екінші бала шынына көшіп.

  • Ал, енді ойлап көр. Қайсы балада қанша асық бар? – деп баланың ата-аналары балаларына сұрақ қояды. Бала бұл есепті дұрыс шығарып кетсе, сыйлық береді əрі баланы мақтап-марапаттап, оны шабыттан- дырады.


Баланы ақылдық танымға өткізу тəрбиесі ұрпақтарды өнер-ғы- лымды ардақтап, оқу оқып, білім алуды қастерлеу, Отанды, еңбекті сүюдей тамаша мінез-құлық қалыптастыруға дағдыландырады. Таби- ғатты, экологиялық ортаны қорғауға, аялауға баулиды. Зейін-зердесін ашып, тез есептеу қабілетін жоғарылатады.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу