Өлеңдер ✍️

  16.10.2021
  214


Автор: Исраил Сапарбай

Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi

Көз алдымнан сағымдай сен көшкелi
Айдарымнан аңқылдап жел де еспедi.
Қарашадан қаймығып қайтқан құстар
Қайта айналып көлiне келмес пе едi?..
Жабыққанда табылмай жанашырым,
Жалғыздықтың сезiндiм жаңа сырын.
Жүрегiмнiң түбiне түсiп кеттi
Жəудiреген жақұттай қарашығың.
Көзiң менде,
Ал өзiң... шалғайдасың,
Жазылмаған жанбысың маңдайға шын?
Өз қағынан құлан да безбеушi едi..,
Хабарыңды берсеңшi, қандай жансың?



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу