31.08.2021
  338


Автор: Жанәділ Райымбеков

Жақсы жар таңдаудың 7 жолы

1️⃣ Алламен ақылдас. Ең алдымен 2 рәкат Истихара намазын оқып, көңіліңдегі адам сенің болашағыңа қайырлы болса оны нәсіп ет, ал егер қайырлы болмаса алыстатуын сұрап Алладан дұға жаса.
Ата-анаңмен кеңес. Шариғатта неке қию үшін міндетті түрде қыздың әкесінің рұқсаты керек. Адам біреуді жақсы көрсе, оның кемшіліктерін байқамайды. Ал жек көрсе, жақсылығын байқамай қалады. Ал ата-ананың тәжірибесі мол, әрі олар сын көзбен қарайды. Жақсы отбасы болу үшін тек екі жастың бір-бірін ұнатуы жеткіліксіз.
2️⃣ "Шешесіне қарап қызын ал",  тегіне қара. Пайғамбар (с.а.с.)  «балшықта өскен гүлден сақтаныңдар» деген. Дегенмен, текті жерден шықпаған деп те, қарамай қоюға болмайды. Ол адам иманды әрі салиқалы болса, текті ұрпақ сол кісіден басталмақ.
3️⃣ Достарына қара. Адам басқа ортада өзін мінсіз көрсетуге тырысады. Ал, кімнің болмасын, шынайы болмысын оның жан досы біледі. «Кісі досының дінінде» делінген хадисте. Кім біреуден досы туралы сұраса, оның бар жақсылығы мен кемшілігін бүкпесіз айтып беруі міндетті. Әрі осы жағдай шариғатымызда ғайбатқа жатпайды.
4️⃣ Үйде өзін қалай ұстайды, соған қара. Себебі екі жас қанша жыл араласып жүрсе де, бір-біріне жасанды мінез көрсетеді. Ал адамның анық болмысы үйінде ашылады. Жеңгесі, ағасы арқылы таны.
5️⃣ «Тең теңімен, тезек қабымен». Ұл бала болса, қыз жақтың мал-мүлкі көп болмағаны жақсы. Өзі шамалас болған жөн.
6️⃣ Сөзіне қарама, ісіне қара. Себебі, адам көп уәде беріп, сөзімен бәрін қатырып, әдемі сөйлеуі мүмкін. Ал іс-жүзінде басқаша болып, ісі сөзіне сәйкес келмейтін адамдар болады.
7️⃣ Иманы мен мінезі негізгі өлшем. «Сұлулығы, тегі, байлығы, Дініне қара». «Мінезі көркем, діні кемел жігіт келсе беріңдер. Бүлікке себеп боласыңдар».




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу